Педагогтердің әл - ауқатын анықтау мақсатында сауалнама алынды
Маңғыстау облысының білім саласы ұйымдарымен бірлікте жасақталған 4 жақты жоспар аясында (Маңғыстау облысының білім басқармасы, Өрлеу - Маңғыстау, Педагогикалық шеберлік орталығы, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті) Облыстық оқу - әдістемелік және қосымша білім беру орталығы мен Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты «Педагогтердің әл - ауқатын анықтау» бойынша сауалнама алды. Сауалнамаға барлығы 4430 респондент қатысты.
Төменде сауалнамада ұсынылған кейбір сұрақтарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі
1. Бүгінгі өміріңізге көңіліңіз тола ма?
• Иә – 3926 (88, 6%)
• Болатын шығар – 504 (11, 4%)
Сауалнамаға жауап берушілердің 88, 6%- ы «иә» деп жауап берсе, қалған 11, 4%- ы «болатын шығар» жауабын таңдады.
2. «Отбасыңыздың қаржылық жағдайын қалай бағалар едіңіз?» деген сұраққа жауаптар төмендегідей анықталды:
• Өте жақсы – 691 (15, 6%)
• Жақсы – 2665 (60, 2%)
• Жақсы да, жаман да емес – 1025 (23, 1%)
• Нашар – 49 (1, 1%)
Сауалнамаға жауап берушілердің басым бөлігі, атап айтқанда 60, 2%- ы отбасының қаржылық жағдайын «жақсы» деп бағалап отыр. Тек 1, 1% педагог «нашар» жауабын белгіледі.
3. «Болашаққа қалай қарайсыз?». Аталған сұрақ бойынша, сауалға қатысқан педагогтердің 63, 5%- ы «үміт», 21, 5%- ы «сабыр» 11, 4%- ы «оптимизим» және 2, 8% педагог «қорқынышпен» қарайтындығы анықталды. Ал болашаққа «үреймен» қарайтындардың үлесі – 0, 8%- ы құрады.
• Үміт – 2814 (63, 5%)
• Сабыр – 952 (21, 5%)
• Оптимизм – 505 (11, 4%)
• Қорқыныш – 122 (2, 8%)
• Үрей – 37 (0, 8%)
Эмоционалды көңіл - күй деңгейі
1. Соңғы аптада сіз жұмыс орныңызда төмендегіні қаншалықты жиі сезіндіңіз?
1.1. Күйзеліс:
• Әрқашан – 104 (2, 3%)
• Жиі – 352 (7, 9%)
• Кейде – 1747 (39, 4%)
• Сирек – 909 (20, 5%)
• Ешқашан – 1318 (29, 8%)
1.2. Құлазу
• Әрқашан – 70 (1, 6%)
• Жиі – 245 (5, 5%)
• Кейде – 1645 (37, 1%)
• Сирек – 932 (21%)
• Ешқашан – 1538 (34, 7%)
1.3. Жұмысбастылық
• Әрқашан – 1517 (34, 2%)
• Жиі – 1109 (25%)
• Кейде – 1192 (26, 9%)
• Сирек – 366 (8, 3%)
• Ешқашан – 246 (5, 6%)
1.4. Мазасыздық
• Әрқашан – 162 (3, 7%)
• Жиі – 451 (10, 2%)
• Кейде – 1982 (44, 7%)
• Сирек – 919 (20, 7%)
• Ешқашан – 916 (20, 7%)
1.5. Көңіл - күйдің түсуі
• Әрқашан – 71 (1, 6%)
• Жиі – 387 (8, 7%)
• Кейде – 2212 (49, 9%)
• Сирек – 1060 (23, 9%)
• Ешқашан – 700 (15, 8%)
Эмоционалды көңіл - күй деңгейі бойынша сауалнамаға қатысушыларға соңғы аптада жұмыста қандай сезімде болғандығы туралы анықтауға мүмкіндік берілді. Сауалнама қорытындысы бойынша, «күйзеліс», «құлазу» және «көңіл - күйдің түсуі» сезімдерін «кейде» сезінетіндердің пайызы жоғары: (39, 4%, 37, 1% және 49, 9% сәйкесінше). 34, 2% педагог «әрқашан» жұмысбасты екендігін көрсетсе, мазасыздық сезімінде «сирек» болатын және «ешқашан» болмайтындардың үлесі бірдей: 20, 7%.
1. Соңғы аптада сіз жұмыс орнында төмендегіні қаншалықты жиі сезіндіңіз?
• Жұмысқа деген ынта – 2399 (54, 2%)
• Бақыт – 736 (16, 6%)
• Қауіпсіздік – 321 (7, 2%)
• Үміт – 974 (22%)
Аталған сауалға, 54, 2% педагог соңғы аптада «жұмысқа деген ынтаны», 22% «үмітті», 16, 6% «бақытты» сезінсе, қалған 7, 2%- ы «қауіпсіздікті» сезінген екен.
Сауалнама қорытындысы бойынша облысымыздағы педагогтердің 60, 2 пайызы отбасындағы қаржылық жағдайды «жақсы» деп бағалайды екен. 63 пайызы болашаққа үмітпен қарайды. Жұмыс барысында педагогтердің 7, 9 пайызы жиі күйзеліске ұшырайды; 37, 1 пайызы кейде құлазиды, 34, 2 - сі әрқашан жұмысбастылықты, 44, 7 - сі кейде мазасыздықты, 49, 9 пайызы кейде көңіл күйінің түсуін сезінеді.
Сауалнамадағы жеке - жеке сұрақтардың жауабын да дәл осылай зерделеп қарауға болады. Тұтастай алғанда, облыстағы педагогтеріміздің әл - ауқаты орта есеппен «жақсы» деген қорытындыға келуге болады.
Қожабаева Нұрбибі Игілікқызы,
Өрлеу - Маңғыстау филиалының
мониторингтік жұмыс тобының
бас маманы
Педагогтердің әл - ауқатын анықтау мақсатында сауалнама алынды
- ramuk_b
- 12 сәуір 2023
- 701
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Педагогтердің әл-ауқатын анықтау, сауалнама, Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты
Ұқсас жаңалықтар:

Украиндықтардың 80% дерлік украин тілін ана тілі деп санайды
Украиндықтардың 78,3 %- ы украин тілін ана тілі деп санайды. Бұған 8 қарашада жарияланған «Илько Кучерив» демократиялық бастамалар қоры Разумков...
Ресейліктердің 43 %- ы елді дұрыс жолмен емес жүріп жүр деп санайды
Ресейліктердің 43 %- ы елді дұрыс бағытта емес деп санайды, ал респонденттердің 49 %- ы керісінше пікірде. Бұған «Левада» орталығы жүргізген...
Ресейде Путинге деген сенім тарихи құлдырауға түсіп кетті
Ресей Президенті Путинге Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға қатысушылардың 28, 3 % сенеді. Наурызда Ресей...
Орман
Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу....
Сіз қандай әкесіз? (тест)
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі, Шағын орталық тәрбиешісі Манькева Майнур...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.