Зерттеу жұмысын жазу кезіндегі мәліметтерді алу мүмкіндіктері
Диссертациялық жұмыс қазіргі ғылым үшін практикалық маңызы бар студенттің өзіндік жұмысының нәтижесі болып табылады. Диссертациялық жұмысымды жазу кезінде ғылыми жетекшімнің пікірін тыңдап, рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдармен, монографиялармен және конференция материалдарымен таныстым, соңғы жылдары таңдалған мамандық бойынша рефераттар мен диссертациялар базасын талдадым. Бірақ та, диссертация жазу кезінде мәліметтерді жинауда қиындықтар туындауы мүмкін, сондықтан, барлық қолжетімді мүмкіндіктерді пайдалану керек.
Мысалы, менің диссертациялық жұмысым «ISO 27000 стандартына негізделген менеджмент жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін талдау және зерттеу» тақырыбында болды. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің кітапханасында студенттер үшін өз тақырыбы аясындағы зерттеу жұмыстары материалдарын оқу мүмкіндігі бар. Ал, көптеген стандарттардың жаңа нұсқасын табу қиындық әкеледі. Интернет желісінен тек ақылы түрдегі сайттардан ғана табуыңыз мүмкін. Бірақ та, маған ISO 27000 стандартының жаңа нұсқасын табу кезінде http://shop. ksm. kz/index. php сайты көмектесті. Бұл жерден стандарттардың ақылы емес түрдегі жаңа нұсқаларын табуға болады.
Ал тақырып аясындағы рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдарды, мақалалар және конференция материалдарын электронды кітапханалар мен журналдардан алуға болады. Мысалы: «Молодой ученый», «Cyberleninka», «Scientific journals (Al - Farabi Kazakh National university)», «elibrary. ru», «Концепт» ғылыми - методикалық электронды журналы және т. б. Осы ақпарат көздерінен ұқсас тақырыптағы жұмыстармен танысып, өзіме пайдалы жерлерін қарастырып, жобалар мен бағдарламалардың әлсіз жақтарына назар аудардым.
Сонымен қатар, Ұлттық Компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығының (KZ - CERT) ресми сайтынан (https://cert. gov. kz/about/kz_cert ) тақырыбыма байланысты статистикалық деректерді ала алдым. Бұл орталық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы компьютерлік қауіпсіздік қауіптерінің алдын алуда пайдаланушыларға консультативтік және техникалық қолдауды, компьютерлік инциденттер жөніндегі ақпараттарды жинау мен талдауды қамтамасыз етеді.
Диссертацияны дайындаудағы қиындықтар студентке әсер етпеуі үшін ол конференцияларға қатысуы керек деп ойлаймын. Мысалы, конференцияларға қатысу арқылы тақырыбыма байланысты басқа адамдардың рефераттарымен танысу және басқа қатысушылардың қателіктеріне назар аудару маған өз жұмысымды аяқтауға көмектесті.
Бектібай Біржан Жапсарбекұлы, жылуфизика және
техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы, т. ғ. к.
e - mail: bektibaybirzhan@mail. ru
Советова Алуа Саянқызы, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің
стандарттау және сертификаттау мамандығының 1 - курс магистранты
e - mail: alua. sovetovaa@mail. ru
Зерттеу жұмысын жазу кезіндегі мәліметтерді алу мүмкіндіктері
- ramuk_b
- 21 ақпан 2023
- 654
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Зерттеу жұмысы, диссертациялық жұмыс, конференцияларға қатысу
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...АҚШ - ры Ресейге қарсы санкцияларын кеңейтті
Америка Құрама Штаттары қызметі ұлттық қауіпсіздік немесе АҚШ сыртқы саясатының мүдделеріне қайшы деп саналатын ресейлік ұйымдарды қара тізімге...Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...Ауқымды компьютерлік желі, Интернет
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...Adobe Photoshop ортасындағы компьютерлік графика мүмкіндіктері
Компьютерлік графика – бұл ғылым. 1950 жылы (!) пайда болған компьютерлік графика бір жылдары нақты практикалық қолданылуы жоқ «таза ғылым» ретінде...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.