Ұлттық ойындар туралы ұнамды шара
Еліміздегі іргелі оқу орны Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінде жыл сайын шетелдік азаматтар келіп, қазақ және орыс тілдерін оқиды. Сырттан келген азаматтармен жұмыс істейтін Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары тіл үйренушілерге тілдік білім берумен қатар әр түрлі тәрбие бағыттарына қатысты шаралар ұйымдастырып келеді. Сабақтан тыс ұйымдастырылған шаралар тіл үйренушілердің өздері тілін үйреніп жүрген елдің мәдени етімен, рухани құндылықтарымен етене жақын танысуларына жол ашады. Осындай шаралардың бірін кафедрада құрылған «Денсаулық» спорт - сауықтыру клубының жетекшісі Г. Ә. Машинбаева мен «Қазақша үйренейік» клубының жетекшісі Р. Дүйсенбаева шетелдіктерге қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстыруға қатысты ұйымдастырды. Клуб мүшелері қа зақ тілін оқуға жапон, түрік, корей елінен келген азаматтар. Шетелдік тыңдаушыларға ұлттық ойындарымыздың түрлері слайд көмегімен таныстырылды. Бірінші кезекте сөз алған алған аға оқытушы Г. Машинбаева тыңдаушыларды қазақ халқының жастар арасында, үй ішінде ойналатын ойындарымен таныстырып өтті. Онда ұмыт болса бастап, қазірге кезде қайта жаңғыртылып келе жатқан ойындар «Орамал тастамақ», «Бес тас» ойындары, сыртта аулада ойналатын «Асық», «Ақ сүйек» ойындары туралы және ерекше ойлауды талап ететін «Тоғызқұмалақ» ойындары туралы мәліметтер беріп өтті. Келесі кезекте қазақ тілі клубының жетекшісі Р. Дүйсенбаева ұлтымыздың ат үстінде ойналатын ойындарын жан - жақты таныстырып өтті. Ат үстінде ойналатын ойындардың шарты бойынша жігіттеріміздің ат құлағында ойнайтын мықты болуы, білекті, епті болуы шарт екендігін естіген шетелдік тыңдаушылар ұлттық ойындарымызға асқан қызығушылық танытты. Халқымыздың «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Көкпар» «Теңге ілу» ойындары арқылы қазақ халқының төрт түлік малдың ішінде жылқы малына деген сүйіспеншілігі туралы айтыла келе, ол туралы халқымыздың «Ер қанаты - ат», « Адам үйреніскенше, жылқы кісінескенше», т. б. жылқы малына қатысты мақалдар мен тұрақты сөз тіркестермен, қазақтардың тұрмыс - тіршілігінің көрінісін тілдік дәйектермен көрсетіп тілдік талдау жасап берумен түйінделді.
Клуб отырысында студенттерді ең қызықтыратын ойын - сауықтарда, тойда ойналатын ойындар туралы да қызықты мәліметтер айтылды. Қазақ жастарының мерекелік кештерде бірге «Алтыбақан» тебетінін, ол кезде басқа жастар ән айтып тұратындығын, алтыбақанды айлы кеште де тебуге болатындығы туралы ақпараттар оларға ерекше әсер етті. «Ақ сүйек» ойыны айлы түнде ойналып, ақ сүйекті іздеу үшін түн қараңғылығында қыз бен жігіт оңаша кездесе алатындығы туралы да қызықты мәліметтер айтылды.
Ұлттық ойындар арқылы халықтың мәдениеті, шаруашылығы туралы, әдет - ғұрыптары туралы керекті мәліметтер берілді. Кештің тәрбиелік маңызы зор болды, шетелдік тыңдаушылар оқытушыларына ұлттық ойын, салт - дәстүр, ұлттық талғам аясында түрлі сұрақтар қойып, өзара қызықты сұқбат болды.
Кеш соңында шетелдіктерге «Орамал тастамақ» ойынының тәсілдері көрсетілді. Шетелдіктер асықты өз қолдарымен ұстап, ойнап көрді. Қазақтың тұрмысы мен мәдениетінен, бай салт - дәстүрінен сыр шертетін кеш әсерлі өтті.
Г. Ә. Машинбаева., Р. И. Дүйсенбаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Ұлттық ойындар туралы ұнамды шара
- ramuk_b
- 14 қараша 2022
- 470
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлттық ойындар туралы, ұлттық ойындар туралы ұнамды шара
Ұқсас жаңалықтар:
Білім қара шаңырағындағы Наурыз тойы
31 наурыз күні білімнің қара шаңырағы ҚазҰУ - де көптен күткен дәстүр мен қазынаға толы Ұлыс мерекесі өтті. Биылғы жылы университет ұжымы бұл...Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелден келген студенттерді қазақ...Онлайн – саяхат. Алматы. Тарих және қазіргі заман
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.