Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік – басты байлығымыз

Тәуелсіздік – басты байлығымыз

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады.
Біздің әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіміз бүгінгі күні бірден бір жастардың басын қосып, халықтың рухани жан дүниесін байытуға өз үлесін тигізіп, білім алғысы келетін әрбір жасқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, бағыт - бағдар беріп келеді. Ғылыми әрі кәсіби дәрежелері жоғары, білікті де білгір оқытушылардың тынымсыз ізденістерінің, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде жастардың әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, таным көкжиектерін кеңейту бағытында қажырлы еңбектеніп келеді.
Бүгінде Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, Орта Азиядағы іргелі мемлекетке айналып, Қазақстан әлемде жеке - дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы.
Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. Жаңа Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге ие болды. Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, биліктің тиімді жүйесі қалыптасып, ұлттық валюта енгізілді, Қарулы Күштер құрылды. Елдің Негізгі Заңы қабылданып, шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатылып, еліміз беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болды. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды. Тұрғын үй құрылысы бұрын - соңды болмаған қарқынмен дамыды. Түрлі салаларда ауқымды бағдарламалар, соның ішінде үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» іске асырылды. Жаңа аурухана мен емхана, мектеп және балабақша салу арқылы әлеуметтік инфрақұрылым жаңартылды. Нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталган түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Сондай - ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді.
Біз өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз, біз тәуелсіздіктің ұрпағымыз. Мемлекеттің ғұмыры баянды болуы үшін біз мықты болуымыз керек. Дені сау ұлт болу, білім, ғылым жолына өмірімізді арнау басты мақсатымыз болуы шарт. Тәуелсіздік жастардың әлеуетімен өлшенеді.
Ата - бабамыздың ансаған арманы - тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біз - шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат – осы еркіндікті баянды ету. Тәуелсіздік тұғырлы болсын! Еліміздің келешегі, Жаңа Қазақстанның болашағы өз қолымызда.

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жубаназарова Н. С.
Психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Өзенбек Е. Р.
1 курс магистранты.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сапалы білім – болашақ кілті

Сапалы білім – болашақ кілті

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына - 30 жыл. Бүгінде Орта Азиядағы іргелі мемлекетке айналып, 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×