Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Алматы: қаланың тарихы және көрнекті жерлері» атты ашық тәрбиелік іс - шарасы өтті.
Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік студенттер және оқытушылар қатысты.
Өткізілген іс - шараның жалпы мақсаты шетелдік студенттерді Алматы қаласының тарихымен, мәдениетімен, салт - дәстүрімен және көрікті жерлерімен таныстыра отырып, Алматы қаласы туралы білімін жетілдіру және кеңейту, қалаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
Жиында сөз алған кафедра оқытушысы М. А. Азнабакиева Алматының көрікті жерлері, бүгінгі көрінісі, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті. Сонымен қатар, бұл Алматы қаласының өз тарихы мен өз тағдыры бар екенін сөз ете отырып, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін түсінетіні жайлы мақтанышпен сөз етті.
Осы кафедраның аға оқытушысы А. С. Айтпаева өз сөзінде Алматы – егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала екенін, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданғанын, 1993 жылы қаланың тарихи атауы – Алматы ресми түрде қалпына келтірілгенін, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық - экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала беретінін атап айтты.
Шараны оқытушылар А. С. Казмағамбетова, Т. В. Курмановалар дайындаған шетелдік студенттердің Алматы қаласы туралы әдеби монтажы жалғастырды.
Шетелдік студенттер бейнетаспа арқылы Алматы қаласының көрікті жерлерімен, мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.
Студенттер Алматы қаласы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс - шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
«Алматы: қаланың тарихы және көрнекті жерлері» - атты ашық тәрбиелік іс - шара ғылыми - рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Саденова А. Е., Курманова Т. В., Азнабкиева М. А.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері
- ramuk_b
- 16 қазан 2022
- 725
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алматы қаласы, Алматы: қаланың тарихы және көрнекті жерлері
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл – татулық тірегі
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдік студенттерге «Тіл – татулық тірегі»...ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...Онлайн – саяхат. Алматы. Тарих және қазіргі заман
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.