Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылау мақсатында жиналды. Жиынға факультет деканы, құрылым басшылары, қызметкерлер, профессор - оқытушылар мен жас ғалымдар қатысты.
Іс - шара барысында қатысушылар білім мен ғылым саласын заманауи талаптарға сай дамыту, жастарға қолдау көрсету мәселелерін басты назарға алды, ел экономикасын және оның барлық салаларын, бірінші кезекте білім беруді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Баяндамашылар Мемлекет басшысының еліміздің жастары мен балаларын әлеуметтік қолдауды жаңғырту, педагогикалық саладағы кадрларды даярлау сапасы жөніндегі бастамаларын ерекше атап өтті.
Іс - шараға қатысушылар Жолдауда айтылған бастамалар туралы өз пікірлерін білдіріп, негізгі бағыттарын нақтылады. Сондай - ақ, Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Президент Жолдауын бірауыздан қолдап, алға қойған міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.
Саденова А. Е.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
- ramuk_b
- 12 қыркүйек 2022
- 455
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жолдау 2022 жыл, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жолдауды талқылау
Ұқсас жаңалықтар:
Жолдау жүктеген маңызды міндет
Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.