Сайтқа кіру Тіркелу

Сапалы білім – болашақ кілті

Сапалы білім – болашақ кілті

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады.
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұл кафедра әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде шетелдік жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. Сапалы білім білім беру жолында жаңа технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай жүзеге асуда. Алған білімдерін дамытып отыратын жеке тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ету бағытында жаңа технологияларды қолдануға жол ашуда. Осы тұрғыда кафедра ұстаздары шетелдік тыңдаушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында нәтижелі еңбек етуде.
Кафедра оқытушылары әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне қазақ және орыс тілдерін меңгертіп, қазақ халқының салт - дәстүрін, ата тарихын үйретуде. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтерілуде. Біздің кафедрамыз бүгінгі күні университеттегі бірден бір шетелдік жастардың басын қосып, халықтың рухани жан дүниесін байытуға өз үлесін тигізіп, білім алғысы келетін әрбір шетелдік азаматқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, бағыт - бағдар беріп келеді. Ғылыми әрі кәсіби дәрежелері жоғары, білікті де білгір оқытушылардың тынымсыз ізденістерінің, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде кафедрамызда студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс - шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Шетелдік студенттермен жұмыстың өзі ұдайы ізденісті, шығармашылық көңіл - күйді қажет етеді. Тілдерді шет тілдері ретінде оқытуға негізделетін функционалды - коммуникативтік бағыт, тілдерді оқытудағы теория мен практика атты екі бастаудың тығыз бірлігін көрсетеді. Қазір кафедрада өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша теориялық қағидалары шетелдік студенттермен дәрісханалық жұмыс жасау барысында толығымен қолданыс тапқан өзіндік ғылыми - әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады.
Студенттерге бұл кафедра туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті әрі көпұлтты отбасы болып табылады. Шетелдік тыңдаушылар әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушыларына, білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және тіл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда зор жетістіктерге жеткеніне қуанып, өз алғыс пікірлерін білдіріп отырады.

Саденова А. Е.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Ашық есік  ...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Ашық есік ...

Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның», - деп жазып кеткеніндей,...
Онлайн дөңгелек үстел өтті

Онлайн дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×