Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Ашық есік күні»
Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның», - деп жазып кеткеніндей, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде шетелдік жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.
«Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін нәрсе – білім», - деп заңғар жазушы М. Әуезов айтқандай, жер жүзінің әр түкпірінен келген жүздері, тілдері басқа болғанымен білім мен өнерге құштар, тілектері бір шетелдік жастар кафедрада білім алып жатыр.
Әр адам өз өмірінде болашақ тағдырын айқындайтын бірнеше түйінді шешімдерді қабылдауы тиіс. Талапкерлермен белсенді жұмыс істеу әдістерінің бірі – Ашық есік күнін өткізу.
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Ашық есік күні" онлайн болып өтті. Іс - шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім - мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері шақырылды.
Бұл шараның мақсаты – болашақ талапкерлерді университетпен, факультетпен, кафедрамен таныстырып, болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, сонымен қатар жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс - тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту. Шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін оқытушы алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек, педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Олар әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне тіл меңгертіп, қазақ халқының салт - дәстүрін, ата тарихын үйретуде. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтерілуде.
Міне, осындай кәсіби әрі білім беру әлемінде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп білім беретін орта - кафедра. Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, көптеген шетелдік азаматтардың білімін көтеріп, қияға самғатты. Бұл ашық есік күні кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Бұл іс - шараны университетіміздің Халықаралық ынтымақтастық департамент басшысының орынбасары Ж. Ө. Абдиманова салтанатты түрде ашып, қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы, осында білім алу келешегі туралы және факультет, кафедра тарихынан сөз қозғай отырып, күні бүгінге дейінгі жетістіктерін айтып, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығына тоқталып өтті. Факультет декан орынбасары Е. Тілеуберді ашық есік күніне арналған кіріспе сөз сөйлеп, кафедра, факультет туралы, оқу үдерісін, студенттік өмірді ұйымдастыру жайында сөзге тиек етті.
Ашық есік күнінің өтуіне орай Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Чжан Вэй, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң интернационалдандыру және рекрутинг орталығының директоры М. Арсылан, Жапония Цукуба университетінің аға оқытушысы Такеши Ниномия құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінен қазақ тілін оқып жүрген студенттер өз құттықтауларын жеткізді.
Кафедраның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында арнайы тілдер және мәдениет фестиваліне орай «Ашық есік күні» концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламаға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Колумбия, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін онлайн оқып жатқан шетелдік студенттер қатысып, ән орындап, өз тілдерінде атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.
Бұл шетелдік студенттердің рухани - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы әрі маңызды іс - шара болды.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Ашық есік күні»
- ramuk_b
- 13 желтоқсан 2021
- 617
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ашық есік күні
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...«Қазақстанға қош келдіңіз!» атты іс - шарасы өтті
Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Бұл – жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл...35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»
Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.