Қазақ тілі - әлем тынысында
2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор А. Е. Саденованың басшылығымен және кафедраның қазақ тілі оқытушылары филол. ғ. к. Г. Ә. Машинбаева, доцент Г. Ә. Мұсаева, филол. ғ. к М. Ешімов, аға оқытушы Р. Дүйсенбаевалардың ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ӘЛЕМ ТЫНЫСЫНДА» атты Халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар онлайн форматта өткізілді. Аталған семинар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, шараға Түркия, Ресей, Қырғызстан, Жапония елдерінің тілші ғалымдары қатысты. Семинар бағыты – қазақ тілін шет тіл (екінші тіл ретінде ) ретінде оқыту. Семинарды модератор филол. ғыл. кандидаты доцент Г. Ә. Мұсаева бастан аяқ қазақ тілінде жүргізді.
Семинар жұмысы екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімде университет тарапынан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Апсеметова Еркежан Ажибайқызы, сондай - ақ университеттің әдістемелік жұмыс қызметінің басшысы Амирбекова Гүлмира Есенбекқызы сөз сөйлеп семинарды ашып берді. Бұдан кейін Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканының ғылыми жұмыс жане халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары доктор PhD Тілеуберді Ербол да құттықтау сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушы қонақтар пленарлық баяндамалар жасады. Атап айтсақ, Алматы қаласындағы Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы Қалымбет Бақыт Әбиірұлы «Мемлекеттік тіл саясаты және оның өзекті мәселелері» атты баяндама жасаса, бауырлас қырғыз елінен Қырғыз Республикасының ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент - мүшесі, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінен профессоры, филология ғылымдарының докторы Маразыков Турусбек Сейдакматович «Көркем мәтінді зерттеудегі әдебиет сабағының маңыздылығы» тақырыбында, Қырғыз - Түрік «Манас» университетінің оқытушылары ф. ғ. к., доцент Касиева Аида Аскарбековна, Элиза Ақылбековалар «Қырғыз және қазақ тілдерін оқытуда жаңа технологияларды қолдану (тілдік корпустар негізінде)» тақырыбында мазмұнды баяндамалар жасады. Жапонияның Цукуба университетінен Такеши Ниномия мырза «Жапондарға арналған Қазақстанға саяхат жобасы» атты баяндама, ал «Түркиядағы қазақша оқыту және қазақша грамматикалық кітаптар» тақырыбындағы баяндаманы Түркияның Измир қаласындағы Еге университетіндегі Түркі әлемін зерттеу институты PhD докторы Шенгүл Айгүмүш жасады.
Семинар барысында тілді екінші тіл ретінде оқыту бағытында бірнеше оқу құралы жарық көрген автор ф. ғ. к., доцент. Мұсаева Гүлбағиза Әбіласымқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту құралдары» атты баяндама жасап, шетелдік ғалымдарға қазақ тілін шет тіл ретінде оқытуға қатысты оқу құралдарын таныстырды, әрі өз баяндамасында осы салаға қатысты жазылатын оқу құралдарының ерекшеліктеріне, құрылымына тоқталды.
Семинар соңы әлемнің әр тарапынан жиналған тіл мамандарының қызу пікірталасына ұласты. Олар тілді екінші тіл ретінде оқытуға қатысты тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Семинар қатысушылар тарапынан жоғары деңгейде өтті деген баға алды. Әлемнің әр тарапынан жиналған тіл мамандары болашақта тіл оқытудың қас шеберлері бас қосатын осындай семинарлар жиі өткізіліп тұрса деген тілектер айтып тарқасты.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы
филол. ғ. к. Г. Ә. Машинбаева
Қазақ тілі - әлем тынысында
- ramuk_b
- 15 қараша 2021
- 986
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі - әлем тынысында, Халықаралық ғылыми әдістемелік семинар
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістеріне ар ...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...Әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.