Сайтқа кіру Тіркелу

Шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістеріне арналған халықаралық әдістемелік семинар

Шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістеріне арналған халықаралық әдістемелік семинар

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Шетелдік аудиториядағы пәндерді оқытудың заманауи әдістеріндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты Халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар Zoom пплатформасында онлайн өтті.
Онлайн семинарға ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының университеттерінің басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар, барлығы 46 - дан астам тіл мамандары қатысты.
Бұл семинар қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңына айналды, негізгі мақсаты: қазақ, орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, халықаралық деңгейдегі тілді үйретудің жаңа әдістемесімен танысу, өзара озық тәжірибелермен алмасу, тілді оқыту саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау болды.
Аталған мазмұнды шарада әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Б. Смаилова, Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн, ҚазҰУ - нің әдістемелік жұмыс қызметінің басшысы Г. Т. Жакыпова, Цинхуа университетінің жаһандық құзыреттілікті дамыту орталығының атқарушы директоры Ю Юньхань, Пекин тілдер және мәдениет университетінің дайындық бөлімінің деканы Би Хунъин және тағы да басқа қонақтар онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады.
Алғашқылардың бірі болып университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Б. Смаилова сөз сөйледі. Ол кафедраның құрылу тарихына тоқтала келе, тілдерді оқыту бойынша кеңес одағы кезінен бастап тілді шет тілі ретінде оқытатын теңдесі жоқ кафедра екенін баса айтты. Екінші болып сөз сөйлеген ҚХР - ң Цинхуа университетінің жаһандық құзыреттілікті дамыту орталығының атқарушы директоры Ю Юньхань қазақ және орыс тілдерін қытай өкілдеріне тиісті деңгейде үйретіп, тәрбие беріп жатқандығына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлесе еңбек етіп, тіл үйрету бағытындағы жұмыс жалғасын табады деген үмітте екенін жеткізді.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор А. Е. Саденова халықаралық семинарға онлайн форматта қатысқан арнайы қонақтар мен шетелдік оқытушыларға кафедра ұжымы атынан алғыс білдіре отырып, факультет пен кафедра тарихына, оның жұмысына тоқталып өтіп, қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде меңгертуде аталмыш кафедраның Республикадағы алдыңғы қатардағы кафедра екенін тілге тиек етіп, оның білім беру саласындағы жетістіктері жайлы айтып өтті. Сөз соңында кафедра меңгерушісі әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттермен және оқытушы - профессор құрамымен алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жетекші профессорларды шақыру секілді түрлі бағыттары бар ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге шақырды.
Семинарда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалым - әдіскерлер мен білікті оқытушылардың тілдерді шет тілі ретінде оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшелді. Халықаралық тәжірибедегі тілдерді шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.
Халықаралық семинар жұмысына Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының университеттерінен: Пекин тілдер және мәдениет университетінің дайындық мектебінің деканы Би Хунъин, оқытушы Гың Дзе (Пекин қаласы), Ланчжоу университетінің халықаралық мәдени алмасу мектебінің оқытушысы Юнь Юнь (Ланчжоу қаласы), Capital Normal University - нің Халықаралық мәдениет мектебінің дайындық бөлімінің директоры Бай Сида (Пекин қаласы), Оңтүстік - Орталық ұлттар университетінің Қытай халықаралық білім беру директоры Ся Гэн (Ухань қаласы), Хэнань университетінің оқытушысы У Цюн (Кайфэн қаласы), Цзянсу университетінің оқытушысы Вэнь Чэнь (Цзянсу қаласы) және У. Е. Мұсабекова (әл - Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ.), А. С. Айтпаева (әл - Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ.), Курманова Т. В., Азнабакиева М. А. (әл - Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ.) т. б. әдіскер - ғалымдар, білікті мамандар, оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл шараның ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерінде баяндап ұсынды.
Семинар қатысушылары өздерінің ғылыми - әдістемелік баяндамаларымен таныстырып, бір - бірімен пікір алмасып, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды.
Семинар аяқталған соң «еркін микрофон» шеңберінде проблемалық сұрақтар, заманауи әдістер, өзекті мәселелер талқыланды.
Барлық қатысушылар аталған шараның өзектілігі мен уақытылы екендігін айтып, кафедра ұжымының ғылыми - әдістемелік жұмысының жоғары деңгейін атап өтіп, семинарды халықаралық деңгейде өткізгені үшін алғыс білдірді. Халықаралық семинар өз мақсатына жетті, бұл барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.

Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының меңгерушісі А. Е. Саденова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Онлайн дөңгелек үстел өтті

Онлайн дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...
35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні

35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні

Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...
Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...
Әдістемелік семинар өтті

Әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×