Сайтқа кіру Тіркелу

Тілді білсең – елді білесің онлайн - олимпиадасы

Тілді білсең – елді білесің онлайн - олимпиадасы

Олимпиада - білім додасы. Бұл сөздің мағынасы «ақиқат» және «түсінік, білім» деген мағыналарды береді. Ежелгі Грекияда басын бұлт ораған ең биік шың Олимп тауларынан бастау алатын осы сөздің түп - тамыры биіктік, асқақтық, шың дегенді білдірсе керек. Олай болса, белгілі бір пәннен ең үздік білім көрсеткен білім алушы биіктерден көріне алатынын айқындап беретін олимпиада додасы күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Қазақ тілі мен орыс тілдері жетік меңгерген, дарынды шет елдік жастарды анықтау қолдау, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге елдердің тілі мен мәдениетін құрметтеу, қалыптастыру мақсатында әл - Фарби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЖОО - дейінгі білім беру факультеті жанындағы Көптілділік білім беру Ресурстық орталығы, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы, Қазқстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Тілді білсең – елді білесің» атты шетелдік студенттер арасында І халықаралық онлайн - олимпиада өткізілді. Олимпияда мақсаты - қазақстан жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан, бұрын қазақстанда оқып, қазір өз елдерінде оқуын жалғастырып жатқан шетелдік студенттерге қазақ және орыс тілдерін үйренуге мәдениетін тануға дәріптеу.
Олимпиаданы ұйымдастырушы комиитеттің Төрағасы болып Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор Саденова А. Е., Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі Коропченко К. К., Көптілділік білім беру Ресурстық орталығының директоры, олимпиада координаторы (үйлестірушісі) және модераторы, В2 деңгейінің тапсырмаларын жасаушы болып ф. ғ. к. доцент Мұсабекова Ұ. Е., қазақ тілінен олимпиада модераторы, В2 деңгейі тапсырмаларын жасаушы ф. ғ. к., доцент Мұсаева Г. Ә., орыс тілінен В1 деңгейі тапсырмаларын жасаушы ф. ғ. к. доцент А. С. Қазмағамбетова, қазақ тілінен В1 деңгейі тапсырмаларын жасаушы ф. ғ. к. доцент Ешимов М. П., орыс тілінен А2 деңгей тапсырмаларын жасаушы аға оқытушы Айтпаева А. С., қазақ тілінен А2 деңгейі тапсырмаларын жасаушы аға оқытушы Дүйсенбаева Р. И. «Қазақстан туралы» бөлім тапсырмаларын жасаушы аға оқытушы Құрманова Т. В., техникалық хатшы аға оқытушы Азнабакиева М. А. бекітілді. Олимпиада тапсырмалары шет тілді меңгерудің Еуропалық жүйесіне сәйкес А2, В1, В2 – күрделі үш деңгейде құрастырылған.
Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 20. 02. 21ж. Көптілділік білім беру Ресурстық орталығының сайтында( http:// test. Linguapark. kz/. ) басталды. Сонымен қатар осы аталған сайтта бірінші айналымның тапсырмалары мен олимпиаданың келесі кезеңіне өту тәртібі туралы ақпараттар да жарияланды.
Олимпиадаға әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Асфандияров атындағы ҚҰМУ, Гумилов атындағы ЕҰУ, Ш. Уалиханов атындағы КМУ, Нұр - Мубарак университеті, Солтүстік Қазақстан университеті (Қазақстан) Тіл мен мәдениет Пекин университеті, Шет тілдері Пекин университеті, Астаналық педагогика университеті (Қытай ), Hacettepe Universitesi, Tachnical University, Kardeniz (Туркия,) Шет тілдері мен іскерлік карьера университеті (Жапония), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық Университеті, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей) Лос – Анджелесттегі Калифорния университеті, Колумбия университеті, Чикаго университеті (АҚШ), Nem Delhi (Индия), Khana - e noor university (Ауғанстан) елдерінен 130 - дан астам студенттер мен тіл үйренушілер қатысты.
Олимпиаданың бірінші айналымы 20. 02. 2021ж. – 27. 02. 2021. ж. уақыт аралығында өтті. Бірінші айналымға лексика - грамматика, оқылым, лексика және Қазақстан мәдениеті туралы тапсырмалар берілді. Екінші айналым 22. 03. 2021ж.- 31. 03. 2021ж. аралығында өткізілді. Екінші айналымға өткен қатысушыларға «Қазақ елі осындай» атты шығармашылық жоба жасау тапсырмасы берілді. Тапсырма бойынша ұзақтығы 2 - 3 минут болатын, кез келген қол жетімді құралдармен түсірілген бейнебаянды (видео) қазылар алқасына жіберулері тиіс. Бейнероликтерге конкурс тақырыбымен сәйкестілік, ұзақтығы 5 минуттан артпау, бейнеролик жанрын таңдау еркі, фотосуреттерді қолдана алу, авторлық құқықты сақтау жауапкершілігі сияқты талаптар қойылды. Берілген талап бойынша қатысушылар өзімен таныстырып, қазақстанның қалалары, қазақстандықтар, қазақ ұлтының салт дәстүрлері, әдет - ғұрыптары туралы шығармашылық түрде бейнебаян түсіріп, қазылар алқасына жіберді. Екінші айналымның қорытындысы 02. 04. 2021ж. күні олимпиада ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде қаралып, 03. 04. 2021ж. күні ( http:// test. Linguapark. kz/ сайтына жарияланды.
Сонымен қас пен көздің арасында жаңарып жатқан ақпараттар тасқынын игеріп, өзіне қажетті білімді алып, өз бетімен ізденетін, қажырлы, еңбекқор тіл үйренуші студенттер Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тілді білсең – елді білесің» атты шетелдік студенттер арасында өткізілген І онлайн – олимпиаданың жүлделі орындарына ие болды.
А2 деңгейі бойынша қазақ тілінен: Чой Хенсил (Корея) әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Чжан Юньди(Қытай) Қытай шет тілдері университеті, орыс тілінен: Лью Айли(Қытай) әл - Фарби атындағы ҚазҰУ, Цнжу Чжао (Қытай) Цзянсу педагогикалық университеті;
В1 деңгейі бойынша қазақ тілінен Хидехару Оно (Жапония) Токио шет тілдері университеті, Квонг Ли Джон (Корея) әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, орыс тілінен: Ифан Мэй(Қытай) әл - Фараби атындағы ҚазҰУ;
В2 деңгейі бойынша қазақ тілінен Серап Пылгыр (Түркия) Хаджееттепе университеті, орыс тілінен Ло Сюйдун(Қытай) әл - Фараби атындағы ҚазҰУ. сияқты студенттер бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар екінші үшінші орын иелеген студенттер де дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификат, студенттер мен тіл үйренушілерді Олимпиадаға дайындаған оқытушыларға да Алғыс хат берілді.
Алғаш рет қазақ тілі мен орыс тілдерін оқып, үйреніп жатқан шетелдік студенттер арасында ұйымдастырылған халықаралық онлайн - олимпиада бұдан да кең ауқымда өткізілетініне сеніміміз мол.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Мұсабекова Ұ. Е. ф. ғ. к. доцент
Мұсаева Г. Ә. ф. ғ. к доцент
Дүйсенбаева Р. И. аға оқытушы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні

35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні

Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×