Әлем екі бөлікке бөліну қаупі бар – БҰҰ
Әлем екі елге бөлініп жатыр, оны екі экономика басқарады: Қытай және АҚШ. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш «Давос күн тәртібі» шарасында сөйлеген сөзінде айтты.
«Үлкен алауыздықтың болуы мені үрейлендіре береді: әлем екіге бөлінуде, оны Жердегі ең үлкен екі экономикасы басқарады, екі түрлі үстем валюта, өзіндік сауда ережелері, өз интернеті, өздерінің геосаяси және әскери стратегияларымен», - деді Гутерриш. Ол әлемнің бөлінуіне жол бермеу үшін бәрін жасауға шақырды. Гутерриш сонымен қатар әлем соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа ұшырады деп мәлімдеді.
Сонымен бірге, БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, үкіметтер, жеке бизнес, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамдастықтар осы мақсатқа бірге көшкен жағдайда, әлем 2021 жылы «нәзіктіктен тұрақтылыққа» ауысуға мүмкіндігі бар. «Біздің ортақ бағытымыз тұрақты даму мақсаттарына жету болуы керек», - деді Гутерриш.
2020 жылы ҚХР пандемия жағдайында дамыған әлемдегі жалғыз жетекші экономика болды. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың ЖІӨ 2020 жылдың төртінші тоқсанында 6, 5 % өсіп, жылдық өсімі 2, 3 %- ды құрады. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, егер ҚХР осы өсу қарқынын сақтаса, ол 2028 жылы АҚШ экономикасынан озады.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Әлем екі бөлікке бөліну қаупі бар – БҰҰ
- ramuk_b
- 26 қаңтар 2021
- 1083
- 0
- 0
Ілмек сөздер: БҰҰ, Әлем екі бөлікке бөліну мүмкін, екі экономика, Қытай және АҚШ
Ұқсас жаңалықтар:
75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарыс 2021 жылы келуі мүмкін
Егер елдер қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етпейтін болса, әлем 75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болды, деп мәлімдеді БҰҰ...БҰҰ Бас хатшысы: Бұл ғасыр адамзат үшін соңғы болуы мүмкін
Жер бетіндегі миллиардтаған адамдар климаттың өзгеруінен зардап шегеді, деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш. ХХІ ғасыр адамзат тарихындағы соңғы...БҰҰ Бас хатшысы COVID - 19 - дан миллион адамның өліміне қатысты пікір білд ...
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың санын таңқаларлық деп атады....Германия құрылғаннан бергі ең ауыр экономикалық құлдырауды күтілуде
Германия үкіметінің экономикалық кеңесшілерінің айтуынша, 2020 жылы Германия экономикасы 6, 5 % құлдырайды....Егер мемлекеттер экономикаға ақша құя бастаса, әлем экономикалық дағдарысты ...
Ресейлік экономист В. Иноземцевтің пайымдауынша, экономиканы үнемдеу үшін мемлекеттер алдағы айда оған ақша аударуы керек....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.