Сайтқа кіру Тіркелу

Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше. Студент жастарға факультет туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады. Студенттер әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушылары туралы алғыс пікірлерін білдіріп отырады. Барлық кезде алған білімдерінің арқасында достық, қуаныш және жалпы өзара түсіністік лебі көрініп тұрады.
Кафедрада студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс - шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Әр жыл сайын кафедраның студенттері университеттің үлкен іс - шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар - жастарды азаматтық және рухани - адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттерінде бірнеше ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар ашық тәрбиелік іс - шаралар өткізіліп отырады. Бұл жобаларды жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды студенттерге кеңінен таныстыру.
Еліміздегі тарихи - мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу секілді жобалар аясында түрлі іс - шараларды жүзеге асыруда университет факультеттеріндегі клубтар мен орталықтар белсенді жұмыс істейді.
Өткізілген ғылыми - танымдық шаралар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосып отырады.
Факультетте өткізілетін іс - шара, мереке, кештерде студенттер өздерінің алған білімдерімен, өнерлерімен таныстырады. Іс - шаралар барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалады, дәстүрлі көріністер көрсетіледі.
Студенттер танымдық - мәдени іс - шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс - шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.

А. Е. Саденова., Л. Қ. Мұхтар
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
«Гай Го Сай» мерекесі

«Гай Го Сай» мерекесі

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×