Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарихы терең Алматы!» атты ашық тәрбиелік іс - шарасы онлайн форматта өтті.
Іс - шараға дүние жүзінен Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, Испания және басқа да елдерінен, қашықтықтан білім алып жүрген шетелдік студенттер және оқытушылар қатысты.
Өткізілген іс - шараның жалпы мақсаты шетелдік студенттерді Алматы қаласының тарихымен, мәдениетімен, салт - дәстүрімен және көрікті жерлерімен таныстыра отырып, Алматы қаласы туралы білімін жетілдіру және кеңейту, қалаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
Жиында сөз алған кафедра оқытушылары Алматының көрікті жерлері, бүгінгі көрінісі, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті. Сонымен қатар, бұл Алматы қаласының өз тарихы мен өз тағдыры бар екенін сөз ете отырып, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін түсінетіні жайлы мақтанышпен сөз етті.
Осы кафедраның аға оқытушысы А. С. Айтпаева өз сөзінде Алматы – егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала екенін, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданғанын, 1993 жылы қаланың тарихи атауы – Алматы ресми түрде қалпына келтірілгенін, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық - экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала беретінін атап айтты.
Шетелдік студенттер бейнетаспа арқылы Алматы қаласының көрікті жерлерімен, мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.
Студенттер Алматы қаласы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс - шараға белсенді қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
«Тарихы терең Алматы!» - атты ашық тәрбиелік іс - шара онлайн форматта ғылыми - рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Саденова А. Е., Айтпаева А. С.
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасы
Тарихы терең Алматы!
- ramuk_b
- 4 қазан 2020
- 986
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру, онлайн іс-шара
Ұқсас жаңалықтар:
«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»
Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.