ЕО экономикасы 2020 жылы күткеннен күштірек құлдырайды
Еуропалық Комиссияның болжамдары бойынша, 2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты ЕО экономикасының құлдырауы 8, 3 % құрайды, еуроаймақ елдерінде (ЕО 19 елі) құлдырау 8, 7 % құрайды деп күтілуде.
Бұл туралы Еуропалық комиссияның жаңартылған экономикалық болжамында айтылған.
«Биылғы жылы ЕО экономикасы коронавирустық пандемияға байланысты терең құлдырау кезеңінде тұр, бұл ЕО және ұлттық деңгейлерде жедел әрі жан - жақты әрекет етуге қарамастан. Бұғаттау шараларының алынып тасталуы көктемгі болжамымызға қарағанда баяу қарқынмен жүретіндіктен, [пандемияның] 2020 жылы экономикалық белсенділікке әсері күткеннен әлдеқайда маңызды болады», - делінген құжатта.
Көктемде Еуропалық Комиссия еуроаймақтың экономикасы 7, 7 %, ЕО - да 7, 4 % қысқарады деп болжады. Осылайша, құлдырау болжамы Еуроаймақ үшін 1 пайыздық тармаққа және ЕО елдері үшін 1, 1 пайыздық тармаққа нашарлады.
«2021 жылғы өсім көктемде болжанғаннан аз тұрақты болады», - деп толықтырды Еурокомиссия.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
ЕО экономикасы 2020 жылы күткеннен күштірек құлдырайды
- ramuk_b
- 10 тамыз 2020
- 517
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты, ЕО экономикасы, күштірек құлдырайды
Ұқсас жаңалықтар:

Германия құрылғаннан бергі ең ауыр экономикалық құлдырауды күтілуде
Германия үкіметінің экономикалық кеңесшілерінің айтуынша, 2020 жылы Германия экономикасы 6, 5 % құлдырайды....
«Біз мұны Ұлы локдаун деп атаймыз». ХВҚ басшысы коронавирус дағдарысы 170 е ...
2020 жылдың соңына қарай әлемнің 170 елінде - әлем елдерінің 90 % - экономикалық жағдай коронавирустық пандемияға және оның кесірінен туындаған...
Дүниежүзілік Банк Ресейдің бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі ең нашар экономи ...
Коронавирустық дағдарыс және мұнай бағасының құлдырауы Ресейді 11 жылдағы ең үлкен рецессияға жол ашады, оның ауқымы Ресей бұрынғы КСРО - ның барлық...
ХВҚ әлемдік экономикада жүз жылда ең үлкен құлдырау болады деп болжайды
Коронавирустық пандемия Ұлы депрессиядан кейінгі терең дағдарысқа әкеледі. 2021 жылы ең жақсы сценарий болса да, экономиканың жартылай қалпына келуін...
Егер мемлекеттер экономикаға ақша құя бастаса, әлем экономикалық дағдарысты ...
Ресейлік экономист В. Иноземцевтің пайымдауынша, экономиканы үнемдеу үшін мемлекеттер алдағы айда оған ақша аударуы керек....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.