Познер КСРО мен АҚШ - ты салыстырды
Ресейлік журналист В. Познер 1950 - 1960 - ші жылдардағы КСРО мен АҚШ арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Оның сөздері Pozner Online сайтында берілген.
Познердың айтуынша, кеңестік 1950 - ші жылдары «ауыр және қараңғы» болған. Тек Сталиннің 1953 жылы ғана қайтыс болғанын және соған байланысты «билік үшін қорқынышты күресі» басталғанын еске алды.
Хрущевтің басшылығымен елде жылымық басталды, бірақ ол ұзаққа созылмады. «1956 - дан 1964 жылға дейін болған қысқа кезең - бұл сегіз жыл бойы үміті болған кезең екен», - деді Познер. Брежнев, Познердің пікірінше, қайтадан «бәрі қалпына әкелді, бірақ сталиндік қугін - сүргін саясаты болған жоқ».
Сол кезеңдегі КСРО мен АҚШ - ры салыстыра отырып, тележүргізуші КСРО - ның жалғыз, бірақ айтарлықтай плюс екенін атап өтті: «Ол кезде кеңес халқы оптимизмге толы болды». Оның рәміздерінің ішінде ол жасанды серіктің ұшырылуы, Гагариннің ғарышқа ұшуы, байлықтың өсуі, «біз жақын арада нағыз коммунизм орнатамыз және біз бәріміз бақытты өмір сүреміз» деген пікірді атады.
«1950 - ші жж. аяғы және 1960 - ші жж. басында Америка әлем үшін ең жақсы символ болған уақыт», - деп айтты ресейлік журналист. Оның айтуынша, АҚШ сол жылдары президент Дж. Кеннеди арқасында ең жақсы билікке ие болған екен. «Бірақ 1963 жылдың қарашасында Кеннеди өлтірілгенде, мұның бәрі аяқталды», - деді Познер.
2019 жылдың шілдесінде Познер мынадай пікірді айтты: «Америка Құрама Штаттарына көшкеннен кейін бір де бір Ресей азаматы американдық бола алмайды. Ал бір де бір американдық азамат Ресейге көшкеннен кейін Ресей азаматы бола аламайды!» Басқа елдің тіл мен мәдениетті білу бәрібір толыққанды азаматы болуға көмектеспейді!
Владимир Познер - кеңес және ресейлік журналисі. 2008 жылдан бастап Ресейдің Бірінші арнадағы «Познер» авторлық бағдарламасының жетекшісі. Ол 1980 - ші жылдары АҚШ пен КСРО арасындағы телекөпірден кейін кең аудиторияға танымал болды. Ресей, АҚШ және Франция азаматтығы бар.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Познер КСРО мен АҚШ - ты салыстырды
- ramuk_b
- 1 мам 2020
- 659
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ресейлік журналист В. Познер, КСРО мен АҚШ
Ұқсас жаңалықтар:
Илларионов - Африка Ресейден гөрі коронавирустық инфекциямен жақсы күреседі
Сұхбатында Ресей президенті Путиннің бұрынғы экономика кеңесшісі және Вашингтондағы Катон институтының аға ғылыми қызметкері Илларионов Африканың...Ресейде Путинге деген сенім тарихи құлдырауға түсіп кетті
Ресей Президенті Путинге Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға қатысушылардың 28, 3 % сенеді. Наурызда Ресей...Путин Ресейдің печенег және половецтерді жеңгенін туралы айтты
Шындығында, Ресей сол заманда болған жоқ. Печенег мен половецтер Киев Русіне өз жорықтарын жасады, олар «Ресей» деп аталатын Ресей мемлекеті пайда...Әлемдік нарықта ресейлік мұнай мен газ бағасы күрт төмендеді
2020 жылдың басында Ресей «Сібірдің қуаты» газ тасымалдайтын құбыры арқылы Қытайға газды әр мың текше метрі үшін 203 доллардан жеткізді - бұл кезінде...Франклин Делано Рузвельт – Американың нағыз саяси жұлдызы болған еді
1933 жылы Ұлы Депрессия кезінде Америка Құрама Штаттары 32 - ші президенті Франклин Рузвельтті сайлады. Ол елді терең дағдарыстан шығаруға уәде...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.