Сайтқа кіру Тіркелу

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттерге арналған «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбиелік іс - шарасы өтті. Шараға кафедра оқытушылары мен шетелдік студенттер қатысты.
Іс - шараның мақсаты – шетелдік студенттерге ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау.
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Жиында сөз алған кафедра оқытушылары 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы қабылданып, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесінде Қазақстан бүкіл әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болып, бұл заманалық оқиға – халқымыздың ұрпақтарының орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі екені туралы мәлімдеме жасай отырып, бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасында жаңғырту мен дамытудың көшбасшысы екенін мақтанышпен сөз етті.
Одан кейін кафедраның оқытушылары кезекпен сөз алып, 28 жыл ішінде тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыра отырып, Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке екенін, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күткенін айта отырып, баяндамаларымен таныстырды.
Студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар шетелдік студенттер үш тілде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы өлеңдер оқыды және аталған іс - шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбиелік іс - шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

А. Е. Саденова., Т. В. Курманова., М. А. Азнабакиева

Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...
«Гай Го Сай» мерекесі

«Гай Го Сай» мерекесі

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...
Әдістемелік семинар өтті

Әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Тәуелсіздік алған күн

Тәуелсіздік алған күн

Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×