Сайтқа кіру Тіркелу

Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы

2019 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы мұсылмандарды ұлы – Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Мұсылмандарды құттықтауға клуб жетекшісі Кәкімжан Мұратжанұлымен бірге "Бахай" қауымдастығы, "Лютеран" шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, Рим Католик Епархиясы және индуизм өкілдері келді.
Клуб мүшелері Алматы қаласының орталық мешітіне келіп мұсылмандарды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы мен мешіт имамдары клуб мүшелерін жылы қарсы алып, қонақтарды мешіт ауласындағы киіз үйдегі мерекелік дастарханға шақырды. Алматы және Алматы облысындағы Інжіл Христиан баптистер шіркеулерінің аға пресвитері - Лубошников Алексей Викторович клуб атынан библиялық Меру Локоти сыйлады.
Клуб жетекшісі Кәкімжан Мұратжанұлы мұсылмандардың екі қасиетті айт мерекесінің бар екенін атап өтті: біріншісі – ораза айт, екіншісі – Құрбан айт. Осы екі мереке әлем мұсылмандары, соның ішінде біздің халқымыз бірнеше ғасырлар бойы тойлайды. Оның мақсаты - Алла тағаланың бұйыруын орындау арқылы ризашылығы мен мейірімділігіне ие болу. Сондай - ақ, ол біздің клубымыз Құрбан айт мерекесіне екінші рет жиналып, бұл үрдіс дәстүрге енетінін айтты.
Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы барша жиналғанды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ол мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтауға арналған екенін атап өтті.
Құрбан айт мұсылмандарды бірлікке шақырады, бейбітшілік пен жақсылықты сақтауға және нығайтуға ықпал етеді. Сондай - ақ, бұл қоғамдық - әлеуметтік тұрақтылықты сақтау күші бар мереке, күшті әлсіз, кедейлерге көмектесуге шақырады, бұл адамдарды мейірімділік пен қайырымдылыққа, қонақжайлылыққа шақыратын мереке, - деп қосты мешіт имамдары.
Кездесуде клуб мүшелері ҚР мемлекеттік мерекелеріне орай кездесулер өткізуді талқылады. Кездесу соңында көшбасшылар Қала күніне орай үстел теннисі турнирін ұйымдастыру және Кришнаның туған күніне бірлесіп қатысу туралы келісті.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы – менің сүйікті қалам

Алматы – менің сүйікті қалам

Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағына инновациялық - индустриялық өндіріс жобаларына,...
Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі

Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі

2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласында...
Қазақстан - зайырлы мемлекет

Қазақстан - зайырлы мемлекет

2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" президенті Какимжан Муратжанұлы...
Құрбан айт мейрамы 2019

Құрбан айт мейрамы 2019

Биыл құрбан айт тамыз айының 11,12,13 күндеріне түсіп отыр. Құрбан айт — барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам....
Жаңаөзенде 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мәдени шаралар б ...

Жаңаөзенде 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мәдени шаралар б ...

Жаңаөзенде 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мәдени шаралар басталды 1 - желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Өзенмұнайгаз» АҚ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×