Сайтқа кіру Тіркелу

Мектепке дейінгі ұйымдардағы музыка педагогтарына арналған шебер - класс

Мектепке дейінгі ұйымдардағы музыка педагогтарына арналған шебер - класс.
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын музыкалық іс - әрекеттер арқылы дамыту».
Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын музыкалық іс - әрекеттері арқылы дамыта отырып, өз беттерінше, ұжым болып жұмыс жасай білуге үйрету. Ұйымшылдыққа, әдептілікке және бірін бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, атрибудтар, үлестірмелі қағаздар, аспап, үнтаспа
Білім мен тәрбие бастауы балалар бақшасынан басталады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандықтарының алдында жан – жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Педагогтың қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» - деген. Осы тұрғыдан: «Естігенімді - ұмытамын, көргенімді - есте сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін», - деген екен Конфуций
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі деген болмайды» В. А. Сухомлинсикий
Ғылымда шығармашылық ұғымы ХІХ – ХХ ғасырларда зерттеле бастаған. «Шығармашылық - тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді».
Жалпы «шығармашылық» деген сөздің мәтініне терең үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысынан көрінеді. Шығармашылық - адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылық объективті және субъективті болатындығы белгілі.
«Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп түсіндіріледі философиялық сөздікте.
Шығармашылық әрекеттің мәні мен оның жан қуаттарымен байланыстылығы ертедегі философтардың еңбектерінен бастау алады. Адамның шығармашылықпен өзін - өзі дамыту идеясын ең алғашқылардың бірі болып ұсынған Гераклит өз оқушыларында шығармашылық тапсырма ретінде өздерін зерттеуді тапсырады. Ал Сократ әр адамның тұлға ретінде жетілуіне ерекше мән бере отырып, «интеллектіні» дамыту, қабілеттерді қалыптастыру оқытушының басты міндеттерінің бірі деп есептей отырып, оқушыларға дайын ұсыныстар бермей, «ақиқатқа жетуді» өздеріне тапсырып отырған. Бұл «сократтық әдістің» қазіргі уақытта да құндылығы жоғары деп білеміз.
Шығармашылық - барлық еңбек түрінде әрекетке бойлай отырып, оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтсақ шығармашылық барлық әрекеттің сапалық белгісі. Баланың шығармашылық қабілеті шығармашылық әрекеті нәтижесінде ғана дамитындығы мәлім. Осыған орай шығармашылық сияқты көп қырлы, күрделі мәселенің құрылымы қандай, қандай мазмұннан түзіледі, қалай өрбиді деген мәселелердің басын ашу қажеттілігі туындайды. Ендеше бұл феноменнің практикалық - әрекеттік құрылымына тоқталуға тиіспіз.
Ғылымда шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған:
1) материалдық - техникалық;
2) рухани - теориялық;
3) әлеуметтік - ұйымдастырушылық;
4) педагогикалық;
5) көркем - шығармашылық т. б.
Балабақшадағы жоғарғы топ балалары бір нәрсені ойлап табуды, құрастыруды, жасауды сүйеді. Көптеген музыкалық шығармалар қимылдарды, әндерді инсценировкалауда өздері шығармашылық іздену тұрғысынан көрсете білуге мүмкіндік береді. Кейбір шығармаларды сазгерлер мектепке дейінгі балалардың музыкалық - ойындық шығармашылығын дамытуға жағдай жасау үшін арнайы шығарған.
Кейіпкерге музыкалық сипаттама келесі әрекеттерге түсініктеме берілген шығармаларда балалар музыканы тыңдап болған соң, қимылдарды өздерінше жасап көрсетеді.
Балалардың өздерінің шығармашылық әрекет жасауына жағдай жасайтын ойындар, қол ұстасып жүріп айтатын әндер, сахналанған шығармалардың түрлері көп. Педагог балалардың қызметін бағыттай отырып, біртіндеп қиындатылатын шығармашылық тапсырмалар беруді қолданады. Ең алдымен олар жекелеген кейіпкерлердің іс - әрекетін ойдан шығарады, содан соң бірнеше кейіпкерлердің ролдерін орындайды, олардың ерекшеліктерін анықтайтайды. Осы мақсатта балалар зор ынтамен орындайтын арнайы музыкалық әдеби сценарийлер, әндер, пьесалар бар.
Сондай ақ билер де шығармашылық тапсырмалар орын алады. Балалар ойдан қарапайым әрекеттерді, түрлі секірме билерді ойдан шығарудан бастап, өздеріне таныс емес пьесаларды тыңдай отырып кез - келген қимылды ойлап шығара алады. Балалар ұжымдық тапсырмалар да алады: өзара ақылдасады, би композицияларын ойлап табады.
Енді әндік шығармашылықты дамытуға септігін тигізетін әдістемелік тәсілдерді қарастырып көрейік. Бұл негізінен алғанда суырып салуға қабілетті дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар.
Ән үйрену процесіндегі сабақтарда балаларға белгілі бір жүйеде орындалатын тапсырмалар ұсынылады. Алдымен олар вокалдық дауыс ырғағын табады. Шығармашылық тапсырмаларды күрделендіруге арналған әндер - үлгілер кеңінен пайдаланылады (дыбысқа еліктеу, музыкалық сұрақтар мен жауаптарды қайталап айтып беру, берілген текстке орай керісінше ән шығару). Әдетте педагогтың ұсынуы бойынша балалардың ішінен біреуі ойынан шығарушы болады. Басқалар оны тыңдайды, оған баға береді, кейіннен әнді бәрі қосылып айтады.
Жыл аяғында педагог әр баланың дауысының және есту қабілетінің даму дәрежесін тексере келіп мыналарды ұсынады:
- аспаптың сүйемелдеуімен бірнеше таныс әндерді айту. Мұнда әннің сапасын, дыбыс шығару ерекшелігі, вокалдық интонация белгіленіп қойылады.
- үлкен адамның көмегінсіз баланың әнді дұрыс білушілігін анықтау үшін әнді сүйемелдеусіз айту;
- әр түрлі үндестіктегі екі әнді орындау, бала көңіл - күйін келтіре алуын байқау;
музыкалық «жауап» ойыны (педагог: «Сенің атың кім?»,- деп әндетеді. Бала «Ай - гүл»- деп жауап береді).
Мектепке дейінгі жастағы балаларда айналасындағылардың сөйлеуін және бақылай отырып, бағалаушылық сипаты пайда болады. Олар аттарын музыка арқылы айта отырып сөйлеу іс әрекетіне шығармашылықпен кіріседі. Жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады. Балаларда ойлау объектісі арқылы сөйлеуге, музыкаға деген қызығушылық пайда болады. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, байланыстыру, сауаттылық жағынан, шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтары айқындалады. Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы еске сақтау қабілеттері арқылы, өз бетімен ойлау қабілеттері арқылы жоғарылай түседі. Түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың ойлау шығармашылығы дамып, ақыл – ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, әңгімелерді, ертегілерді еске түсіріп оны музыка арқылы сөйлеу театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Музыкалық сабақтарда балаладың іс әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Олар орындау дағдыларын игере бастайды, ал түрлі билерді орындағанда түрлі би қимылдарын, музыкалық ойын образдарын өздерінше беруге талпынады. Баланың жеке басын жан – жақты дамыту музыкалық эстетикалық тәрбиенің, адамгершілік, ақыл – ой дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі. Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын, құзіретті тұлғаны тәрбиелейміз.

Сергіту жаттығулары
Үш аю Құмырсқа
Үш аю тұрды орманда Бармақ болып жұмысқа,
Үш аю тұрды орманда Қырға шықты құмырсқа.
Таңғы мезгіл болғанда Тайып кетіп аяғы,
Жаттығады екен сол маңда Қырға қайтып шығады.
Кішкентай аю момақан Ой – ой - ой - ой ой - ой – ой
Құлағы ұзын балақан Әне аю келеді,
Шомылуға келеді Құмырсқаны көреді.
Папалары артында Енді қайда құтылар,
Қорбаңдаған қалпында Илеуіне тығылар.
Бәрі суға шомылды
Болды олар көңілді
Мамасы да биледі
Папасы да биледі
Екеуіне қосылып
Баласы да биледі.

1. РЕЛАКСАЦИЯ.

Қазір әркім өз орнына жақсылап жайғасып отырып, көзін жұмады. Терең 3 рет дем алыңыз. Сіздің қолдарыңыз еркін, әрі бос жатыр. Сіздің аяқтарыңыз да әлсіреп, босаңси бастады. Сіздің аяқтарыңыз бен қолдарыңыз толығымен еркін әрі ауырлай бастады. Бойыңыздағы қысым азайып, денеңіз толығымен демалуда.
Енді өзіңізді басқа бір қалада, кішкене бір көшеде келе жатқандай сезініңіз. Оң және сол жағыңызда әдемі үйлер. Осы үйлердің бірінде, болашақты дәл болжайтын көріпкел тұрады. Бұл көріпкел өте дұрыс айтатын ерекше адам. Осы адамға барғандардың барлығы өз болашақтарын айқындап, мақсатты өмір сүруге шешім шығарады екен.
Сіз міне сол үйге таяп қалдыңыз. Еменнен жасалған ауыр есікті аштыңыз. Есіктің ар жағынан сізге ақ сақалды, жылы жүзді қария кездесті. Ол сізді «кіріңіз» деп шақырды. Сіз бөлмеге кіргенде көне кітаптарға толы сөре, үстелдің үстінде жатқан картаны, жарқыраған айнаны, көрдіңіз. Диванда ала мысық ұйықтап жатыр. Көріпкел сізді шақырып креслоға жайғастырып отырғызды да сізге қарап сөйлей бастады:
- Көзіңді жұм, мен саған жарқын болашағыңда айтамын...
Осы сөзден кейін сіз ұйықтай бастадыңыз.
Сіз қарияның сөзін естіп тұрсыз ба әлде түс көріп тұрсыз ба білмейсіз. Сіздің көз алдыңызда болашақ өміріңіздің бейнесі тұр. Мүмкін сіз Қазақстанның үздік педагог – музыканты атандыңыз, бақыттан басыңыз айналған сәтті, әр түрлі құттықтау кезеңдерін, журналдарға шығып, көгілдір экранға түсіп, онда сіздің үлкен жетістіктерге жеткендеріңіз туралы айтылып жатты, қуанған сәттеріңізді көрдіңіз, Мүмкін сіз жиі қарым - қатынас жасайтын адамдарыңызды көрдіңіз, Мүмкін сіз мәдениет қайраткері атағын алып, профессор, үлкен маман иесі, мемлекет қызметкері болған сәтіңізді, өз тәжірибеңізді таратып жатқан бейнеңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жанұяңызбен тұратын болашақ торт қабатты коттедж үйіңізді, қымбат автокөлігіңізді көрдіңіз.

Ақтөбе гуманитарлық колледж оқытушылары
Н. С. Булекеева, Г. С. Карина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу....
Музыка әлемінде

Музыка әлемінде

Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...

Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...

Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға...
Көңілді әндер Балдырғандар полькасы

Көңілді әндер Балдырғандар полькасы

Мараимова Шарбану...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×