Сайтқа кіру Тіркелу

Бүгінгі шәкірт - ертеңгі Отан қорғаушы

Сыныптан тыс шараның тақырыбы:
«Бүгінгі шәкірт – ертеңгі Отан қорғаушы»
Мақсаты:
1. Оқушыларды ұйымшылдық, ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Оқушылардың дене тәрбиесінің дамуын жетілдіруге бағыттау.
3. Оқушының денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Өткізілетін жері: мектептің спорт залы.
Пайдаланатын құралдар: екі балға, шегелер, канат, противогаз, гимнастикалық мат, спорттық формалар, 6 кубик, сыпырғыш, әуе шарлары, 2 конверт, оқтар, 4 «мина», т. б.
Жоспар
1. Ашылуы
2. Теориялық бөлім
3. Конкурс, эстафеталар
4. Көрініс көрсету
5. Қорытынды
Барысы
1. Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Бүгінгі Қазақстан тәуелсіз мемлекет, өз армиясы, флоты бар. Өз қарулы күштерін үнемі нығайтып отырады. Қазақстан мемлекетінде өз Отанын абыроймен қорғаған батырлар аз болған жоқ. «Жылдам болғың келсе - жүгір, күшті болғың келсе - жүгір, ақылды болғың келсе - жүгір»- деген сөздер тегіннен тегін айтылмаған. Архимедтің өте үлкен спортшы, әрі ғалым болғаны бізге мәлім.
Мұғалім:
- Бүгінгі біздің жарысымызға 2 - 3 жылдан кейін армия қатарына баратын жастар қатысады. Қазір біз оларды залға шақырамыз, олар: 10 - 11 сынып оқушыларының командалары.
ҚР әнұраны орындалады.
Әділқазы мүшелері таныстырылады.
1. Жарыс, девизбен танысу, команданы таныстыру. Армияда ұйқыдан оянуға 45 секунд беріледі. Біз қалай орындар екенбіз.
2. «Рота, тұрыңдар» эстафетасы. /Спорт формасын киіп, орнына барып тұру/.
3. Миналау және минадан тазарту. Екі мина макетімен жұмыстану. Осы жерде каратистер көрініс көрсетеді. «Ер азамат тек қаруды ғана емес, балғаны да мықты етіп ұстай білу керек» көрініс.
4. «Ағаш шеберлері» жарысы. Балға, шеге, противогазбен жұмыс. Противогаз киіп, шеге қағу.
5. «Спецназ» әзірлеу тәжірибесі.
6. Автомат магазинін бұзу, құру. 4 адам қатысады.
Көрініс «Тазалық - денсаулық кепілі» казарманы тазалау.
7. «Солдаттар тазалықты сүйеді» сыпырғыш, кубиктермен жұмыс.
8. Әзіл - сықақ эстафетасы. Төрт аяқтап, теннис шарымен ойнау.
9. «Гладиаторлар».
10. Канат тарту.
Қорытынды.
Мұғалім: Бүгінгі мерекеміздің қонақтарына, қатысушыларына рахмет айтамыз. Отан қорғаушы, форма киген адамнан да, жоғары тұрады. Себебі, олар адамдарға күнделікті қамқорлық жасайды. Сондықтан да, біздің денеміз шымыр болып, дене тәрбиесімен айналысуымыз керек.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жоғары жылдамдықпен 30 метрге, 60 метрге жүгіру

Жоғары жылдамдықпен 30 метрге, 60 метрге жүгіру

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Білімді қалыптастыру, оқушыларды біліммен хабардар етіп қана қоймай, олардың денсаулығын нығайту....
Спорт - денсаулық кепілі

Спорт - денсаулық кепілі

Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды...
«Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

«Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының...
«Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!» спорттық ойын

«Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!» спорттық ойын

1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген...
Әкем, шешем және мен отбасылар сайысы

Әкем, шешем және мен отбасылар сайысы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі Рахымжанов Мейир...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×