Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

1 қыркүйек – Білім күні
Сынып сағаты (4 сынып)
Тақырыбы: Қазақстан – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, қойылатын талаптардың орындалуына атсалысу әр адамның борышы, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін түсіндіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәриелеу.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру.
Көрнекілігі: Н. Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер, тірек - сызбалар.

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Тренинг: «Мен бақыттымын»

ІІ. Кіріспе. Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүниежүзінің экономикасын туралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүниежүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышарттарына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүниежүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.

ІІІ. «Ой қозғау»
Сұрақ - жауап:
1. Бір мүдде дегенді қалай түсінесің?
2. Бір болашақ деген не?
3. Қазақстан әлемді несімен таң қалдырды?
4. Қазақстанның дамуы үшін сен қандай үлесіңді қосар едің?
5. Экономика жөнінде не айта аласың?

«Ой шақыру» «Кешеден келдік, бүгінге жеттік» Стратегия – гректің «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Страт» дегеніміз – мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан - жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады. Жалпы, алдына қойған міндетті шешуді мақсат еткен ірі ауқымдық ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданатын термин. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – басшы қабылданған шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясы 7 бағыттан тұрды. 33 жылға жіктелген сол 7 міндеттің денін ел 15 жылда еңсерді.

Қорытынды. Президент айтты: «Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Мен – өз Отанымның патриотымын»

«Мен – өз Отанымның патриотымын»

Мақсаты: – Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған...
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018 (толық нұсқа)

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018 (толық нұсқа)

Құрметті қазақстандықтар! Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып,...
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолд ...

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолд ...

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция...
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"...
Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылға арналған халыққа жолдауын талдай отырып, «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×