Сайтқа кіру Тіркелу

Мектеп аруы - 2011

9 – 11 кластар аралығындағы «Мектеп аруы - 2011» мектепішілік байқауы

Мақсаты: Қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Ару қыздар гүлдей нәзік қылықты,
Көздеріңе бар сұлулық тұныпты
Жалт – жұлт еткен жанарыңның жарқылы
Талай жанның мұз жүрегін жылытты.
Жазылмаған кәусар керім жырсыңдар
Ашылмаған – шашылмаған сырыңдар.
Арман болған көз алдымда қыздар – ай
Арман қыздар періштедей сырғалы
Бұратылған тал шыбықтай тұлғалы
Құлпырғанда сендер алау шашқанда
Әсемдігін жоғалтады гүл дағы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне мектебімізде 9 – 11 кластар арасында өткелі отырған «Мектеп аруы – 2010» байқауына келіп отырсыздар. Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген. Сонымен бірге «Қыз - қонақ», « Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал – мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Мектеп аруы – 2010» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымызды бойынан байқап, көру. Олай болса, байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
«Мектеп аруы – 2011» байқауының шарттарымен таныс болыңыздар. Байқаудың шарты 7 бөлімнен тұрады.
Таныстыру
Өз өнерін көрсету
Қонақ күте білеміз бе?
Оюлар сыр шертеді
Мерекелік дастархан мәзірі
Сұлудың сыры / шаш сәндеу /
Туыстық атауларын білеміз бе?
Байқауға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ержанова Сарқыт
Пірназарова Жадыра
Сүйінтай Сұлушаш
Ендеше ортаға аруларымызды шақырамыз.

Ақжолова Гүлия – 9 класс оқушысы
........
Арулар әділқазылар алқасының алдынан жеребе алыңыздар.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
Бәске түскен төрт ару кезекетесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін
Таныстырып өздерін
Тамылжыта сөздерін – байқауымыздың алғашқы шарты таныстыру. / Мұнда қыздарымыздың киім киісіне, жүріс – тұрысына, өзін ұстауына, сәлем беруіне назар аударылады. /
Әділқазылар алқасы « Таныстыру» бөлімінің бағасын берсеңіздер.
Ал арулар сайысқа қалайсыңдар
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп
Жауап қатсаң ұрпаққа жарайсыңдар.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп
Айтатын әже – атамыз
Келіп қала бір қонақ,
Қандай жілік саламыз». Бұл бөлімде қонақ түрлері, қонаққа тартылар сый – табақ жайында болмақ. Асыққа жазылған тапсырмаларды орындау керек.
Әділқазылар алқасы « Қонақ күте білеміз бе?» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
Аруларымыздың өнерін тамашалайық.
Әділқазылар алқасы «Өз өнерін көрсету» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Қошқар мүйіз, қос мүйіз
Бота мойын, қармақты
Осы оюды қазекем
Бәрін айтып береді.
Қыздарымыз салмақты
Әке көрген – оқ жонар
Шеше көрген тон пішер
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір – бірінен кем түсер
Келесі шартымыз «Оюлар сыр шертеді». Мұнда аруларымыз ою ойып, қолдарынан қолөнердің келетінін дәлелдеуі тиіс. Ортаға аруларымызды шақырамыз.
Әділқазылар алқасы «Оюлар сыр шертеді» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Көрсетті өнер әр салада айысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада майысып.
Мерекелік ас мәзірі. Мұнда әр ару 3 минут ішінде мерекелік салат дайындауға тиіс. Әділқазылар алқасы «Мерекелік дастархан мәзірі» бөлімінің бағаын берсеңіздер.

Келесі сайысымыздың түрі «Сұлудың сыры». Мұнда аруларымыз қасына бір қыз алып шығып, сол қыздың шашын сәндейді.
Әділқазылар алқасы «Сұлудың сыры» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім?
Көңіліне тоқып бәрін жүре мекен
Туысты қалай атау керектігін,
Қанекей біздің қыздар біле ме екен?
Енді қыздарымыздан «Туыстық атауларын» сұрап сынайық.
Әділқазылар алқасы «Туыстық атаулар» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі « Мектеп аруы – 2011» байқауын қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар ұйымының төрайымы Сарқыт апайға береміз.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Мектеп, аруы, байқау
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×