Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. Ал былтырғы жылдан бастап біз мектебімізде апталық емес онкүндік өткізуге шештік. Осы жылдың қаңтар айында «Нақты ғылымдар - біздің ғаламторда» атты математика, информатика және физика пәндері бойынша онкүндік мазмұнды әрі тартымды өтті. Бекітілген онкүндіктің жоспары бір жұма бұрын ілінді. Өткізілетін іс - шаралар мен ашық сабақтар жоспарлары онкүндіктің басталуына дейін әдіс - бірлестігінің жетекшісіне бекіткізілді. Онкүндіктің өткізудегі мақсатымыз ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушыларға сабақта және сабақтан тыс қосымша білім бере отырып, олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.