Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу
үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Тәлімдік.
Көрнекілік:Интерактивті тақта.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін өткізіліп отырған 9 – сынып пен 10 – сынып оқушыларының арасындағы математикалық сайысқа қош келдіңіздер!
Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 9 –сынып оқушыларынан құралған «Архимед» тобын және
10 – сынып оқушыларынан құралған «Пифагор» топтарын шақырамыз.
Сайыстың шарттары:
I. Сәлемдесу.
II. «Зерделілер» сайысы
III. «Кім көп біледі?» (сұрақтарға жауап беру)
IY. Формулаларды білесің бе?
Y. Жұмбақтар сайысы
YI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту).
I.Топтардың таныстыруы.
«Архимед»тобы:
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл».
Сәлемдесуі: Мәселенің түйінін
Мазмұннан білеміз.
Ізделінді нәрсені
Тез - ақ тауып береміз.
Сайысқа түсу сіздермен
Біздер үшін мол бақыт.
Математикалық фокусты
Көрсетуге біз дайын.
Сайыскерлер сәлемін
Қабылдашы ағайын.
Сайысқа біз түсейік
Жанкүйерлер қолдасын.
Тәртіп болсын арада,
Тыныштықты сақтайық,
Көңілденіп баршамыз,
Үйімізге тарқайық.
«Пифагор» тобы:
Ұраны: « Қандай сынақ болса дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске».
Сәлемдесуі: Ақыл – оймен кеңескен,
Күштілермен күрескен.
Біз Пифагор тобы
Жеңілмейміз күрестен.
Қойылған сұрақ – есепке
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты біз өткізбей
Лезде шешіп берейік.
Математика сырларын
Білсек достым заңдарын.
Формула мен заңдарын
Ойға жаттап берейік.
Ұтсақ та,егер ұтылса
Ренжулер болмасын.
Жіберілген қателік
Екінші рет болмасын.
II. «Зерделілер» сайысы
Топ екі математик жайлы қысқаша баяндап береді.
III. «Кім көп біледі?»
«Архимед» тобының сұрақтары:
Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)
Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу)
Төрт қабырғасы тең төртбұрыш? (Квадрат)
Вектор дегеніміз? (Бағытталған кесінді)
ах+by = c қандай теңдеу ? (Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
Сандар тізбегін неше тәсілмен шешуге болады? (4)
Шексіз кемел геометриялық прогрессия дегеніміз? (Еселігі [q<1]болатын геометриялық прогрессия)
Қозғалыс дегеніміз не? (Жазықтықтағы нүктелер жұбының ара қашықтығын сақтайтын түрлердіру)
x 2 + y 2 = R 2 функциясының графигі (шеңбер)
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей – ақ қойсын» сөзінің авторы? (Платон)
«Пифагор» тобының сұрақтары:
Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (Айқас түзулер)
Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Р.Декарт)
Жарты түзудің басқаша атауы? (Сәуле)
3 пен 4-тің арасына қандай таңба қойғанда, 3-тен кем 4-тен артық сан шығады? (үтір)
Конус дегеніміз? (Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірінен айналдырғанда пайда болатын геометриялық денені айтамыз)
y = sin x функциясының графигі? (Синусоида)
y = tg x қандай функция? (тақ,периодты)
Тригонометриялық теңдеу дегеніміз? (Айнымалысы функция таңбасының ішінде болатын теңдеу)
Функция дегеніміз? (Х жиынындағы х - тің әрбір мәніне У жиынының нақты бір мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық)
«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)
IY. Формулаларды білесің бе? (әр командаға 5 формуладан)
«Архимед» тобына:
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы?
Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы?
Синустар теоремасы .
Екі вектордың скаляр көбейтіндісі?
Квадраттың ауданы?
«Пифагор» тобына:
Тік бұрышты параллелипипедтің көлемі?
Геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы?
sin α – sin β айырымын көбейтіндіге түрлендір?
Косинустар теоремасы?
sin х = а теңдеуінің жалпы шешімі.
Y. Жұмбақтар сайысы
Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы.
(Бөлшек сан)
Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі
(Кесінді)
Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?
(Бұрыш)
Айналған шешу құралынан
Төрт саны араласқан құрамына
Теңдеудің түбірі нешеу деген
Қандай сан жауап берет сұрағыңа.
(Дискриминант)
Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді.
(Параллель тузулер)
Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады
(Дәреже)
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан – жағыңа қарамай
(Натурал сан)
Күшіне мінген бір мықты
Жығып салып сегізді
(Шексіздік)
Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбір)
Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген
(12 ай, 1 жылда 52 апта, 1 аптада 7 күн)
YI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту).
«Архимед» тобына :
Шеңбер, шеңбер доп емес.
Доп сияқты, доп емес.
Доп, доп, доп сен оны
Ойлама шеңбер ол емес.
Бес түп алма бестік алғандікі,
Төрттік алма төрттік алғандікі.
Бестік алған бес түп алма алмайды.
Төрттік алған төрт түп алма алмайды.
«Пифагор» тобына
Рационал сан, иррационал сан,
Иррационал сан, рационал сан.
Біріккен сан болған соң
Нақты сан деп аталған сан.
Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,
Тең, тең бұрыш тұтас бұрыш.
Тұтас бұрыш тұстас бұрыш
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.
Қорытынды.
Сайыста көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
2011 жыл келді төрімізге,
Жаңа ғасыр басталды елімізде.
Жаңа ғасыр, жаңа күн, жаңа бақыт.
Бәріміздің тек қана үйімізде.
Көңіл бөліп бұл кеште,
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет!!!
Математикалық ринг
- ramuk_b
- 2 наурыз 2012
- 14741
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математикалық, сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару. Шығармашылық жұмыс істеуге,...y=ax ²+bx+c функциясының графигі
y=ax ²+bx+c функциясының графигін ұғындыру, координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсету. Өз бетімен қорытынды шығарып,...Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары Мақсаты: Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып...Математика әлемінде
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп....Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.