Әдепті бала - арлы бала
Мақсаты: оқушылар бойында ата - анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкенді құрметтеуге, ойлауға тәрбиелеу.
Мұғалім: «Ана - сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың»дейді қазақта.
Әке мен ананың орны адам адам өмірінде ерекше емес пе?!
Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сыныпта ата - ана бала арасындағы махаббаттың бір айшығы ретінде ұйымдастырылып отырған «Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Отбасы - қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды, ата - ананың берген тәлім - тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында. Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамшылығының белгісі.
Ата - ананың үміт - арманы - баласы. Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, әкенің адал күшін аяқтау, яғни өз болашағымызды сақтау мақсатында осы іс - шара ұйымдастырылып отыр.
1 - жүргізуші: Халқымның әні қандай, жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын,
Ал биі нәзікжанды балқытқандай!
2 - жүргізуші: Иә, «Ата - ананың парызын өтеу - сенің парызын» деген сөздер кішігірім жақсылық нышандарына бастау боларына сенімім мол.
1 - жүргізуші: Әйел затының сұлулығы, әдептілігі, ер азаматтың қажыр - қайраты, намыс жігері т. б. қасиеттер бала бойына берілетін ең асыл қасиеттер екендігі бәрімізге белгілі. Ендеше осындай ардақты ата - аналарымызға арналған бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде болмақ.
2 - жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялменен қараштайды.
Шәкірттер шын жүрекпен тебіреніп,
Өнерлі ата - аналар қалықтайды,- дей келе 1 - бөліміміз «Кел, танысайыққа» кезек берейік.
(Әр топ өздерін таныстырады)
2 - жүргізуші: Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлеме,
Халқымның сақтай білген ізгі салтын,- деп халық әнінде құр босқа айтылмаған. Ендеше «Ұлылардан қалған ұлы сөздерге» құлақ түрейік.
1 - оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: «Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!»
2 - оқушы: Кемал Кеніш: «Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің».
3 - оқушы: Дулат Бабатайұлы: «Ата - ана ақылы - қызылған қара кенмен тең»
4 - оқушы: Махмұд Қашқари: «Атасынан ақыл алса – тентек ұл да жөнделер».
5 - оқушы: Виктор Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя».
6 - оқушы: Қадыр Мырзәли: «Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі»
7 - оқушы: Ғабит Мүсірепов: «Ата - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан».
8 - оқушы: Ғабиден Мұстафин: «Балаға сіңірген ата - ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат».
Әдепті бала- арлы бала
- Игілік
- 5 ақпан 2014
- 7500
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балаларды әдепті болуға үйрету, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....Отбасым – күншуағым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №44 орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Нурекешова Айгуль Сагидуллиевна...«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер! 2 - жүргізуші: «Мөлдір...Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебі, тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...Қызым — қызғалдағым, ұлым — ізгі арманым
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылы, № 1 Ю. Сареми атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі Рано Эгамбердиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.