Сайтқа кіру Тіркелу

«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ тілі пәнінен білім сапасын арттыру

«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ тілі пәнінен білім сапасын арттыру
Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ.
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде деген болатын.» «Қазақстан – 2030» Жолдауы еліміздің келешегінің дамуына жол салатын аса маңызды жоспар. Елбасымыз өз Жолдауында Джон Кеннедидің: «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламын деп сұраңыз», - деген сөздерін орынды қолданған. Осы бір сөз астарында терең мағына ой жатыр. Біздер Қазақстан халқының қиындықсыз өмір кешіп, ұлттық мәртебеміз, ел еңсесі биік болғанын қалаймыз. Сондықтан да жастарға терең білім беріп, мәдениетті адам болуға, ең алдымен өзге емес, өз ана тілін біліп, елін, дінін, салт – дәстүрін сүйетін тұлға қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік тілді үйрену, үйрету, дамыту баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз деп ойлаймын.

Сонау 20-шы ғасырдың соңында Жүсіпбек Аймауытов: «сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Осы орайда қазіргі мұғалімнің алдына қойылатын талаптар өте жоғары. Солардың ішіндегі бастылары - мұғалімнің кәсіби шеберлігі, құзыреттілігі, бәсекеге қабілетті білім иесі болуы, оның біліктілігі болып табылады. Әрине, болашақ жастарға білім мен тәрбие беретін - ұстаздар яғни сіздер мен біздер.
Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да, заман ағымынан қалмай ілгері жүру - ұлы мұрат. Соңғы уақытта өмір сапасы, білім сапасы, әлеуметтік табыс деген сөз тіркестерін жиі еститін болдық.

Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай - ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім беру бойынша баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педогогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығы мен білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да сапасы да өсіп келеді.

Технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса - оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістік сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 - ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтары оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта - мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. «Мектеп жүрегі - ұстаз» деп бекер айтпаған шығар, қай мұғалім болмасын өз алдына қойған мақсат, міндеттермен қатар өзіне сын көзбен де қарап, мынадай сауалдар да туындайтын шығар: Пән мұғалімі ретінде оқушыларымның білім сапасын арттыру үшін не істеуім керек? Оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін дұрыс пайдаланамын ба және оқушылардың білімін арттыруға себебін тигізе ме? Әрине, ескі әдісті ескере отырып, жаңаға қол созуымыз керек.
Қазақ тілін оқыту - қиын да қызықты жұмыс. Сондықтан да мұғалімдер өз алдына негізгі мақсаттарын алға тартады.

Білім сапасын арттыру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс - тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнін де әр түрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу абзал.

Баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Осылайша гуманитарлық бағытта сабақ беріп жүрген мұғалімдер үшін аса тиімді және сабақты өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Өз мақсатыма жету үшін сабақтың құрылымын, одан өзім қалай сабақ беруіме емес, оқушылардың оқу ептілігін дамыта отыра, оқушылардың қалай оқитынын назарда ұстай отыра, әр сабақта оқушылардың белсенді қатысуын, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастыруды, бір - біріне кеңес беруді, өз алдына мақсат қоюды, алынған нәтижелерді қадағалап, идеялармен эксперимент жасап және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге баратын жеке тұлға тәрбиелеу.

Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, сонда ғана оқушылар тәуелсіз білім алады, өздігінен реттелетін болады, білім сапасы да арта түседі. Сондықтан да оқытудың әдіс - тәсілдерін шебер пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға яғни жиырма бірінші ғасырда қажеттi дағдыларды: тез тіл табысқыштық, креативтілік, аналитикалық ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлу керекпіз.
Мұғалім жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, сыныпта ынтымақтастықты жүзеге асырып, іздену арқылы жаңадан жаңаны шығарып, логикалық ойлауды ұтымды пайдаланып отырса, бірлесе жұмыс істесе, яғни іс - әрекет пен білімді меңгерсе, өз еңбегіңнің жанғаны деп ойлаймын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Оқушы құзіреттілігін арттыру

Оқушы құзіреттілігін арттыру

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тассуат орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева С.С....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×