«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг.
Мақсаты:
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру;
Құрал - жабдық: қағаз, қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Көңіл - күйлерін сұрау
Ойын ережесі
бір - бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым - қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:- «Өмірдің ағымынан қалмау»
-«ешқашанда білмеймін демеу»
-«қасындағыларға көмектесу»
« Биік шыңға ұмтылу»
Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады(парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын...
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...
Ашық айтқанда, маған ұнамайды...
Ашық айтқанда, мен қуанамын...
Психолог:
- Біз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?
- қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?
Аутогенді жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір - бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылғаны ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір - бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды.
Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір - бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз. Оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.
«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг
- Үсенғазы
- 3 қазан 2013
- 28039
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өмір сен маған қымбатсың, тренинг сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Бәрімізде мақсат бір!
Бәрімізде мақсат бір Мақсаты: ҰБТ - ға психологиялық қолдау, ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген...Мейірімділік - асыл қасиет
Мақсаты: 1. Оқушылар арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу....Импульстің сақталу заңы
Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі Физика және информатика пәні мұғалімі Казымбетова Айгуль Тулеуовна...«Кәсібің - өмірлік серігің» пікірлесу-сабақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектебінің педагог-психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы «Кәсібің - өмірлік серігің» ...Өзің таңдаған өмір
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.