Сайтқа кіру Тіркелу

Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық! (ән-шашу)

Оркестр.
1-жүрг:
Көктем келді! Нұр шуаққа бөледі
Әрбір жанды қуанышқа теңеді.
Міне, бүгін құлын болып құйғытып,
Көк аспанға құс боп ұшқын келеді.
2-жүрг:
Көктем-думан! Бар қызыққа бөледі,
Айдын көлде жүзсе және демеді.
Нұр көктемді дария – суға теңесең
Сәукелелі құрақ болғың келеді.
1-жүрг:
Неткен жылы, неткен ғажап ел еді
Құшағыңа қуаныш боп енеді.
Нұр сәулелі әркез көктем шуағын
Мейірлене аймалағың келеді.
2-жүрг:
Ақ жаулықты аналар!
Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы – аяулы ұстаз апайлар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы-қыздар, қарындастар!
Сіздерді Көктемнің мейірімді де әсем салтанатты да сезімге толы 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүрг:
Ана –әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
2-жүрг:
Ана – жүрек. Ана – тірек, тіректі құрметте. Ана – шыңың, шыңына сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт.
Иә, шынында да Ана – құдірет Бар игі жақсының бастауы –Ғазиз Ана, Асыл да ардақты Аналар!
1-жүрг:
Ана маған Күн сыйлап, ғұмыр берген,
Қасиетті Анамның тілін берген
Шарласаң да шар дала күн-түн мейлі
Артық жанды таппадым Жұмыр жерден.
Табыстырған мені Ана жан әкеммен
Мейірімін сондықтан дар көрем
Маған ыстық жандардың бәрін-бәрін
Барлығын да өмірге Ана әкелген.
Ән: «Асыл ана» орындайтын: Тынымбай Айбану
2-жүрг:
Тағдырыңа талайдың алаңдайсың
Сәуле болып әлемге таралғайсың
Білім нәрін аямаған асыл ұстаз
Сен менің ең аяулы – анамдайсың.
Сырлассам сәл, қаламын көңіл жасып,
Нәр білімін жүрем мен етіп азық
Аяулы Ұстаз – сан сүрлеу соқпақ жолда
Жөн сілтер –Темірқазық.
1-жүрг:
Ұстаз мерейі –ең алдымен шәкірт жетістігімен өлшенеді. Бойдағы бар күш жігерін аямай, зерделі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін бар білімі мен ілімін аямаған, аяулы ұстаздар сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Біз сіздерге мәңгі борыштармыз.
Бүгінгі асыл тілектер мен жан жүрегіңді жылытар жақсы лебіздер тек сіздерге арналады. Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Исаев Қорғанбек Рамазанұлына беріледі.
2-жүрг:
Әсем би әрбір елдің рәсімі екен
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,
Жаңа биді сіздерге шашу етем.
Сіздердің алдарыңызда «Салтанат» би тобы
1-жүрг:
Аяулы Ана!
Күнім де Ана, ай да Ана,
Жетеді саған қай дана?!
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием менің сен ғана.
2-жүрг:
Айбының биік,
Айдының тұнық,
Теңізім терең өзіңсің
Таң шығы мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ сезімнің.
1-жүрг:
Сені іздеп шарқ ұрып,
Теңізде малтып,
Қайықтай қалқып
Мен қалдым жалғыз жағада.
Сүрінсем сүйеп,
Болатын тірек
Сол үлкен жүрек
Сен екен жалғыз, Жан-Ана!

2-жүрг:
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!
Ән: «Ана туралы жыр»
1-жүрг:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
2-жүрг:
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана десең –мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
1-жүрг:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
2-жүрг:
Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
1-жүрг:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі –Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
2-жүрг:
Ұстаз – Ана! Өмірің шын гүлденсін
Қыраттағы қызыл гүлдей түрге енсін
Бақ пен баян, абырой мен қуаныш
Алдарыңа жүз оралып, мың келсін.
Орындалсын арман –тілек ойдағы
Тағат төзім таусылмасын бойдағы
Шағаладай шәкірт үшін «шарқ» ұрып
Аман болған күндеріңнің той бәрі,- дей отырып, келесі әсем әнді қабыл алыңыздар!
Ән:
1-жүрг:
Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,
Жыр жаздым тұңғыш саған
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.
2-жүрг:
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған
Тілей тұғын сырттай жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген – теңдесі жоқ жақсы адам.
1-жүрг:
Болмасыншы көңілде мұң-наздарың
Тек шаттыққа бөленсін қыс-жаздарың
Мереке құтты болсын, бәріңізге
Ең аяулы, асылым, ұстаздарым,-дей отырып, келесі кезекті мектеп бітіруші түлектерге сөз береміз.
2-жүрг:
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.
Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді рухтандырады.
1-жүрг:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Ән:
1-жүрг:
Ақ тілеген жат-жақын жуығына
Өмірдің көніп ыстық-суығына
Алпыс қанат орда бұл елімнің
Шаңырағы сендерсің, уығы да
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! –дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!
Аналар мерекесіне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты – ұлылық» атты мерекелік жиынды жабық деп жариялаймыз!
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
№ 1 орта мектеп тәлімгері:
Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×