Сайтқа кіру Тіркелу

Шешендік өнер және сөз мәдениеті

Өнер туындысы туралы түрлі бағдарламалар арқылы насихаттап жүр. Атап айтсақ «Айтыс өнері», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» т. б. телебағдарламалары көрсетілімдері т. б. куә бола алады.
Мұғалім: Шешендік өнердің басты қажеттілігі стильдік сауаттылық: ауызекі сөйлеу стилінің сақталуы турасында, тіл тазалығы жөнінде стилистіміздің пікірін білсек.

Стилист: Шешен сөйлеу дегеніміз процесс. Адам баласы әр тәуліктің 75 пайызын тыңдауға 25 пайызын оқу мен жазуға жұмсайды екен. Шешеннің дауысы, мәнер - мақамы әсерлі, сазды, стилі - дара болуы керек. Бүгінгі таңда ауызекі сөйлеу стиліндегі ой, сөз жүйелілігін әлі де дамыта түсу қажет. Жалпы стильдік сауаттылығымыз ортадан сәл жоғары деңгейде деп айтуға болады. Сөз тазалығы, ой жүйелілігінің қалыптасуына көркем шығарманы көп оқудың да ықпалы зор.
Жазушы: Әлі де болса өз тілімізге өзге тілді араластырып сөйлеу бар, осы қателікті жібермеу керек....
Ақын: Шешен сөйлеуге (ораторлық) құмар, сөз өнерін құбылтып, түрленді біледі. Бұл ұлттық өнеріміздің болашағы - жарқын екенінің дәлелі...
Айтыс өнері жақсы дамуда.
Мұғалім: Бүгінгі тақырып төңірегінде айтылған ойлар турасында сарапшыларымыздың пікірін білсек.
Сарапшылар: Жүсіпәлі Нұрсұлтан, Далабаев Заңғар, Ізтелеуова Салтанат.
Осы сауалдар төңірегінде мектебіміздің ұстаздарымен, оқушыларымен сұхбаттасқан болатынбыз. Назар аударайық!
Бейне түсірілім көрсетіледі.
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз және сөз мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Жаңа білімді жете меңгерту, сапалы
білім беру.
2. Дамытушылық: Оқушының сөйлеу мәдениетін, өзіндік ой - пікірін ашық айта білуге, баяндау шеберлігін, шығармашылығын, пәнге, шешендік өнерге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: Тарих, халық педагогикасы, әдебиет, қоғамтану.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, схемалар
(презентация Microsoft Pover point), бейне түсірілім, кітап көрмесі
Сабақтың түрі: Пресс - конференция сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті: баяндау, пікірлесу, тұжырымды ой айту, іздендіру), топтастыру, шығармашылық
Барысы:. 1. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу және
көрнекіліктерді орналастыру.
2. Үй тапсырмасы: Оқушыларды іздендіру мақсатында берілген тапсырмалар: Тақырып бойынша баяндама жасау, қорғау, шешендік өнер саласына қатысты мамандық иелері болып, өз ойларын айту, сөйлеу шеберліктерін көрсету)
3. Жаңа сабақ: Кіріспе сөз(Пән мұғалімі)

Қайырлы күн! Ұстаздар, қонақтар, оқушылар.
Еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбіреп, елтаңбамыз елдігімізді айқындап, әнұранымыз асқақ шырқалып, ел алдына мақсат қойып, бағытын айқындар жолды таңдап, жарқын болашаққа бет бұрған шақта ең басты назарда ұстағанымыз - ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, тілімізді биік тұғырдан көру, сөз мәдениетін, шешендік өнерімізді дамыту, бәсекеге қабілетті, сөйлеу мәдениеті жоғары ел болу екені баршамызға мәлім болды. Міне, егемендік алған 20 жыл ішінде еліміз межедегіден де артық іс тындырды. Бұл қазақ ұлтына ғана тән қасиет. Жетістігіміз ұшан - теңіз.
Жоғалтқанымызды қайта тауып, тілімізді дамытып ескімізді жаңарттық. Ұлтымыздың өзгеден ерекше қабілетті, дарынды, ынтымағы, бірлігі жарасып,
батыр, мықты ел екенін бүгінде әлем аренасына шығып тағы бір мәрте паш еттік. Бұл біз үшін зор қуаныш. Ал, осы өрлеу, өркендеу жылдары халқымыз, біз, кейінгі ұрпақ өз еншімізге ғана бұйырған баға жетпес ешбір елдің тіл байлығы тең түспес «сөз байлығымызды, саф алтын - сөз өнерімізді, шешендік өнерімізді» дамытуға қаншалықты ат салысып, қандай үлес қостық, кейінгі ұрпақ түсінігі қандай екенін дәлелдеп, тұжырымдау мақсатында «Шешендік өнер және сөз мәдениеті»тақырыбында 7в – сыныбында өткелі отырған пресс – конференция сабағымызды ашық деп
жариялаймын.

Конференция оқушыларға үй жұмысына іздендіру бағытында берілген тапсырмалар бойынша өткізіледі.
Конференцияға қатынасушылар: болашақ сөз зергерлері, әдебиет майталмандары, тіл білімі ғалымдары, саясаткерлер, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, шешендер, зерттеушілер, баяндамашылар.
Алдымен « Шешендік өнер тарихы», «Шынайы шешен тұлғасы»туралы баяндау үшін ортаға жас зерттеушілер - Смагулова Аяжан мен Жәнібек Назеркені шақырамын.
(Баяндама жасалады)
Мұғалім: Баяндамашыларға қояр сұрақтарыңыз бар ма?
Сұрақтар: 1. Шешендік өнердің бүгінгі күндегі даму
деңгейі қандай дәрежеде деп ойлайсыз?
2. Бүгінгі күн шешендері кімдер?
Баяндамашылар жауап береді. Баяндамашылар пікіріне қосымша конференцияға қатынасушылардың ойын білейік.
Осы сауалдар төңірегінде тілші - Мақсот Іңкәр, сіздің айтар ойыңыз қандай?
- Әрине, баяндамашыларды құптаймын, өз ойымды дәлелдеді түрде репортаж арқылы білдіремін.
Тілші жауабы репортаж арқылы беріледі.
Шешендік өнердің қоғамдағы қолданысы, оны дамыту, насихаттау мақсатында жүргізіліп жатырған іс - шаралар жөнінде саясаткер Қаражанова Айгерім, сіздің айтар пікіріңіз қандай?
Саясаткер: Бүгінгі күнде шешендік өнердің қоғамда алатын орны зор. Жұртшылық жоғары бағалайды. Олай болса, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) бұл
Қорытынды сөз: Мұғалім
Бүгінгі «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» тақырыбында нақты,, тұжырымды ойлар айтылды. Ендеше тақырып төңірегінде қаншалықты ой түйгенімізді, яғни «Шешендік өнер өрнегін» қысқа да нұсқа сөздермен, мақал - мәтелдермен тұжырымдасақ.

(Оқушылар мақал - мәтел, ойлы сөздер айтады, жазады.)

5. Үй тапсырмасы: Нақыл сөз, мақал - мәтел, фразеологизмдердің шешендік сөзге қатысы туралы дәлелдемелер тауып келу, баяндау. Би - шешендер сөздерінен және бүгінгі күн шешендігі туралы қойылым қою.
Төл өнерімізді өркендетіп, ұлттық құндылығымызды ұлықтай берейік!
Оқушылар барлығыңызда бүгінгі сабағымызға өте жақсы қатынастыңыздар.
Конференция сабағымыз аяқталды. Қонақтар, қатынасқандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазіргі шешендіктің түрлері

Қазіргі шешендіктің түрлері

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қазіргі шешендіктің түрлерін таныстыру, білім дағдысын қалыптастыру, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып шешендіктің...
Риторика 3-4сынып мұғалімдеріне көмекші құрал

Риторика 3-4сынып мұғалімдеріне көмекші құрал

Кіріспе Қазіргі заман талабына сай жаңа қоғамға лайықты саналы, үйлесімді жетілген, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында...
Дүниеде не өлмейді?

Дүниеде не өлмейді?

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы...
Шешендік өнер

Шешендік өнер

Қарағанды қаласы, №134 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тайжанова Салтанат Кошкинбаевна...
Шешендік өнер

Шешендік өнер

Өтегенова Набия Төлегенқызы БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы. Казталовка ОЖББМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×