Сайтқа кіру Тіркелу

«Заманауи оқырман - заманауи кітапхана» (кітапхана әлеміне саяхат)

«Заманауи оқырман - заманауи кітапхана» (кітапхана әлеміне саяхат)

Кітапхана - киелі орда. Кез келген салтанатты сарайдан да қымбат.
Кітапхананың миссиясын, кітап қорын таныстыру мақсатында Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі кітапханасында «Заманауи оқырман - заманауи кітапхана» тақырыбында саяхат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандарға кітапхана жұмыстарын таныстыру оны пайдалану, кітап оқуға деген құштарлығын арттыру.
Кітапханада 40 000 мыңға жуық кітап қоры бар, мемлекеттік тілде 16658 дана. Кітапханада оқулықтар, электронды оқулықтар әдеби кітаптар, арнайы мамандыққа арналған кітаптар және әдістемелер бар. Кітапхана қоры жыл сайын толығып отырады.
Автоматтандырылған жүйе «MARK - SQL» бағдарламасы бойынша электрондық каталог құрылды. Әріптік, жүйелік электрондық каталог бар. «MARK - SQL» бағдарламасы автор, тақырып, кілт сөз және баспа бойынша кітаптарды тауып алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда кітап қорының 80% пайызы енгізілді. Кітапханада 812 электронды кітаптар бар, олар компьютерге жүктелген. Қордағы кітаптарды цифрландыру электронды нұсқаға көшіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 160 дана кітап көшірілді. Электронды кітаптарды қолдануға болады.
Мобильді QR кітапхана стенды жасақталды. Кітапхананың қазіргі заманғы жетістігі - QR код арқылы ұялы телефонға жүктеп алып, кітапты оқуға болады. «Колледждің даму тарихы» кітап көрмесінде колледждің тарихы және оқытушылардың шығармашылық еңбектері жинақталған. Атап айтар болсақ: «Алтын білім кілті» Республикалық журналына директор тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің оқытушы Нурханова Мира Мергеновнаның мақаласы, «Үздік Ұстаз» Республикалық журналына тарих пәнінің оқытушы - сарапшы Тажиғалиева Райхан Тұрғанбаевнаның мақалалары жарық көрді. «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» анықтамасына қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы педагог - зерттеуші Мендеева Санимгүл Амантайқызының сабақ жоспары жарық көрді. «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамасына колледжіміздің кітапхана меңгерушісі Саргожаева Зинаш Кабылқызының жұмысының кәсіби жетістіктері жарияланды.
Кітапхана әлеміне саяхатта - Мағзан Балжан Д - 23/01 топ студенті, сонымен қатар МК - 24/01 топ студенттері Жолай Айнұрзехра, Хосейн Азиза, Рахматолла Малика сында колледждің белсенді студенттері атсалысты.
Кітапхана заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға толық көмек көрсете алады.

Ақтау технологиялық қызмет көрсету
колледжі кітапханасының меңгерушісі
Саргожаева Зинаш Кабылқызы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×