Елбасы Жолдауын елдің қолдауы
Салиқалы оңтайландыру
Ақиқатында, көкірегі ояу һәм санасы сау әрбір қазақстандық азамат Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауын үмітпенен асыға күтеді.
«Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыпты арқалаған биылғы Жолдау елімізге дамудың жаңа он міндетін қойғаны барлығымызға белгілі.
Мемлекеттің тыныс - тіршілігіне, қам - қарекетіне ерекше леп қосатын, дем беретін маңызды құжат ретінде қабылданатын деңгейге жеткен Елбасының осынау Жолдауының мән - маңызы орасан зор. Ол өз кезегінде тәуелсіз мемлекетіміздің әрі қарай дамуы жолының бүгіні һәм баянды болашағын айқындайды, көз ілеспес шапшаңдықпен өзгеріп жатқан әлемнің бет алысынан, қарқынынан туындайтын еліміз үшін аса қажетті міндеттерге назар аударады. Білек сыбана жасайтын жұмыстарға анық һәм нақты бағдар береді.
Игі дәстүр даңғылымен Президент өз Жолдауында дәуір тынысын дәл бағамдаған тұжырымын халыққа ұсынып, әрбір қазақстандықтың алдында тұрған келелі мәселелерге, дәуір құбылысына жіті назар аудартты. Елбасы өз Жолдауында: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде», - дейді.
Асылында, Төртінші өнеркәсіптік революция жаһандық дамудың орасан екпіні арқылы экономиканың салалық құрылымына, азаматтық қоғам құндылықтарына, жұрттың әлеуметтік тұрмыс - тіршілігіне түбегейлі өзгерістердің болуын талап етіп тұрғаны тайға таңба басқандай. Сондықтан да болар ел - жұртымыз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратындай» бірлікпен, татулық тірлік - әрекеттермен заманға сай қарекеттер жасауы қажет екені сөзсіз.
Ұлт көшбасшысы өз Жолдауында алпауыт мемлекеттер арасында орын алып отырған геосаяси шиенелістен туындаған қайшылықтар һәм түйіткілдерге қарамастан, Қазақстан өзінің бейбітсүйгіштік ұстыны мен еларалық ұстанымы арқылы еліміз бүгінгі әлемде өзіне лайықты орын алғанын айрықша атап айтты. «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық», - деді ел Президенті. Демек, бейбітшілік бастамалардың брендіне айналған Қазақстан бұл құрметке қажырлы қарекеттер, тынымсыз еңбек һәм ізденістер, жұдырықтай жұмылған жұрттың бірлігі арқылы қол жеткізді.
Абзалында, бүгінгі күні үштілді білім беру – заман талабы. Көп тіл білу – біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым - қатынастардың аса маңызды құралы. Президентіміз Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде... 2019 жылдан 10 - 11 - сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады», - деп атап көрсетті. Осынау міндеттен білім беру орындарында жаңа міндет, жаңа талап, жаңа мақсаттар туындайды. Сонымен қатар білім беруде, қазақстандық білімді дамытуда алға қояр басты мақсаттар да нақтылай атап көрсетілді.
Сайып келгенде, биылғы Жолдаудың негізінде айтылған міндеттерді атқару үшін халықтың, елдің құмырсқаның илеуіндей бірлік һәм тірлік керек.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
№22 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Павлодар қаласы
Elbasy Jolday’yn eldin’ qolday’y
SALI’QALY ON’TAI’LANDYRY’
Aqi’qatynda, ko’kiregi oi’ay’ ha’m sanasy say’ a’rbir qazaqstandyq azamat Ult ko’s’bass’ysy, Elbasy N. Nazarbaevtyn’ halyqqa Jolday’yn u’mitpenen asyg’a ku’tedi.
«Тo’rtins’i o’ndiristik revoli’y’ci’i’a jag’dai’yndag’y damy’dyn’ jan’a mu’mkindikteri» degen taqyrypty arqalag’an bi’ylg’y Jolday’ elimizge damy’dyn’ jan’a jy mindetin qoi’g’any barlyg’ymyzg’a belgili.
Memlekettin’ tynys - tirs’iligine, qam - qareketine ereks’e lep qosatyn, dem beretin man’yzdy qujat retinde qabyldanatyn den’gei’ge jetken Elbasynyn’ osynay’ Jolday’ynyn’ ma’n - man’yzy orasan zor. Ol o’z kezeginde ta’y’elsiz memleketimizdin’ a’ri qarai’ damy’y jolynyn’ bu’gini ha’m bai’andy bolas’ag’yn ai’qyndai’dy, ko’z ilespes s’aps’an’dyqpen o’zgerip jatqan a’lemnin’ bet alysynan, qarqynynan ty’yndai’tyn elimiz u’s’in asa qajetti mindetterge nazar ay’darady. bilek sybana jasai’tyn jumystarg’a anyq ha’m naqty bag’dar beredi.
I’gi da’stu’r dan’g’ylymen Prezident o’z Jolday’ynda da’y’ir tynysyn da’l bag’amdag’an tujyrymyn halyqqa usynyp, a’rbir qazaqstandyqtyn’ aldynda turg’an keleli ma’selelerge, day’ir qubylysyna jiti nazar ay’dartty. Elbasy o’z Jolday’ynda: «Bu’ginde a’lem To’rtins’i o’nerka’siptik revoli’y’ci’i’a da’y’irine, tehnologi’i’alyq, ekonomi’kalyq ja’ne a’ley’mettik salalardag’y teren’ ja’ne qarqyndy o’zgerister kezen’ine qadam basyp keledi. Jan’a tehnologi’i’alyq qalyp bizdin’ qalai’ jumys istei’tinimizdi, azamattyq quqyqtarymyzdy qalai’ iske asyratynymyzdy, balalarymyzdy qalai’ ta’rbi’elei’tinimizdi tu’begei’li», - dei’di.
Asylynda, Тo’rtins’i o’nerka’siptik revoli’y’ci’i’a jahandyq damy’dyn’ orasan ekpini arqyly ekonomi’kanyn’ salalyq qurylymyna, azamattyq qog’am qundylyqtaryna, jurttyn’ a’ley’mettik turmys - tirs’iligine tu’begei’li o’zgeristerdin’ boly’yn talap etip turg’any tai’g’a tfn’ba basqandai’. Sondyqtan da bolar el - jurtymyz “bir jen’nen qol, bir jag’adan bas s’yg’aratyndai’” birlikpen, taty’lyq tirlik - a’rekettermen zamang’a sai’ qareketter jasay’y qajet ekeni so’zsiz.
Ult ko’s’bass’ysy o’z Jolday’ynda alpay’yt memleketter arasynda oryn alyp otyrg’an geosai’asi’ s’i’elenisten ty’yndag’an qai’s’ylyqtar ha’m tu’i’itkelderge qaramastan, Qazaqstan o’zinin’ bei’bitsu’i’gis’tik ustyny men elaralyq ustanymy arqyly elimiz bu’gingi a’lemde o’zine lai’yqty oryn alg’anyn ai’ryqs’a atap ai’tty. «Biz a’lem elderinin’ senimi men qurmetine bo’lenip, brendke ai’nalg’an ta’y’elsiz Qazaqstandy qurdyq», - dedi el Prezidenti. Demek, bei’bits’ilik bastamalardyn’ brendine ai’nalg’an Qazaqstan bul qurmetke qajyrly qareketter, tynymsyz en’bek ha’m izdenister, judyryqtai’ jumylg’an birligi arqyly qol jetkeizdi.
Abzalynda, bu’gingi ku’ni u’s’tildi bilim bery’ – zaman talaby. Ko’p til bily’ – bizdin’ memleketimizdin’ halyqaralyq bai’lanystaryn damyty’g’a mu’mkindik beretin tulg’aaralyq ja’ne ma’deni’aralyq qarym - qatynastardyn’ asa man’yzdy quraly. Prezi’dentimiz N. Nazarbaevtyn’ “To’rtins’i o’nerka’siptik revoli’y’ci’i’a jag’dai’yndag’y damy’dyn’ jan’a mu’mkindikteri” atty Qazaqstan halqyna Jolday’ynda: «Qazaqstandyqtardyn’ bolas’ag’y – qazaq, orys ja’ne ag’yls’yn tilderin erkin men’gery’inde… 2019 jyldan 10 - 11 - synyptardag’y jaratylystany’ g’ylymynyn’ jekelegen pa’nderin oqyty’dy ag’yls’yn tiline ko’s’ir’\ bastalatyn bolady. Na’ti’jesinde, bizdin’ barlyq tu’lekterimiz elimizde ja’ne jahandyq a’lemde o’mir su’rip, jumys istey’i u’s’in qajetti den’gei’de u’s’ tilde men’geretin bolady», - dep atap ko’rsettiдеп. Osynay’ mindetten bilim bery’ oryndarynda jan’a mindet, jan’a talap, jan’a maqsattar ty’yndai’dy. Sonymen qatar bilim bery’de, qazaqstandyq bilimdi damyty’da alg’a qoi’ar basty maqsattar da naqtylai’ atap ko’rsetildi.
Sai’yp kelgende, bi’ylg’y Jolday’dyn’ negizinde ai’tylg’an mindetterdi atqary’ u’s’in halyqtyn’, eldin’ qumyrsqanyn’ i’ley’indei’ birlik ha’m tirlik kerek.
Begimhan KERIMHANULY
№22 JOBB mekteptin’ qazaq tili men a’debi’eti mug’alimi
Qazaqstan Jy’rnali’ster Odag’ynyn’ mu’s’esi
Pavlodar qalasy
Салиқалы оңтайландыру
- ramuk_b
- 21 қаңтар 2018
- 1209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Салиқалы оңтайландыру, Назарбаевтың халыққа Жолдауы
Ұқсас жаңалықтар:
Латындану легімен
Ұлт көшбасшысы һәм Елбасы Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп...Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолд ...
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция...Ry’hani’ jan’g’yry’. Qoi’ basty’
Qazaq a’debi’eti men s’ary’as’ylyg’ynda ki’iz basy’ o’neri ken’ damyg’an. Bul da ay’yl adamdary u’s’in eley’li, man’yzdy jumystardyn’ biri ja’ne...Ry’hani’ jan’g’yry’. Hol us’yn bery’
Ry’hani’ jan’g’yry’ Hol us’yn bery’ “Biter istin’ basyna, jaqsy keler qasyna” degendei’ jumys istep jatqan jerge kelgen a’r adam qans’a asyg’ys bolsa...Hakim Abai’dyn’ qara so’zderi. U’s’ins’i so’z
Qazaqtyn’ birinin’ birine qasku’nem bolmag’ynyn’, birinin’ tiley’in biri tilespei’tug’ynyn’, ras so’zi az bolatug’ynyn’, qyzmetke talasqys’...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.