Тақырыбы: Ата - ана жиналысы
Мақсаты:
1. Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау.
2. Ата - аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын, белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру.
3. Үлкенді сыйлауға, ілтипатты болуға ата ана алдындағы парызын түсінуге тәрбиелеу.
Кіріспе сөз.
Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан - жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай, бала әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата - ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті,... болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі жиналысты ата - ана туралы ұлағатты сөздерден бастауға рұқсат етіңіздер.
Оқушылар сөйлейді:
Ата - ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.(Ғ. Мұстафин)
Ата - ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ. Мұстафин)
Ата - бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі. (Ғ. Мұстафин)
Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата - ананың абыройы; жаманы - қайғысы, азап - соры.( В. А. Сухомлинский)
Балаға берілетін бірінші тәрбие ата - анасын, туған - туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата - анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.(Ы. Алтынсарин.)
Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. (С. В. Михалков)
Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағатпен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.(В. А. Сухомлинский)
Кімде – кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы»болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.( Платон)
Тәртіп көрген адам бала күнінде,
Өнерімен қуандырар түбінде.( Ж. Баласағұн)
Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.( Ғ. Мұстафин)
Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы. (С. Смайлс)
Рақмет, балалар, ата аналар алдындағы әдептіліктерің бармақтай кездеріңнен бойларыңа дарыған қасиеттерің болып қала берсін.
ІІ. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Осы мақсатта мектебіміздің қазақ тілі маманы Садықова Ә. С.- қызының « Мектеп, оқушы, ата - ана» тақырыбындағы ой пікірін тыңдасаңыздар.
«Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп» КММ
8 - сыныптың сынып жетекшісі: Үсенова Айым Үсенқызы
Ата - ана жиналысы. жүктеу
Ата - ана жиналысы
- aiboll
- 21 желтоқсан 2017
- 4192
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ата ана жиналысы, отбасылық тәрбие, баяндама, доклад
Ұқсас жаңалықтар:
Отбасы туралы ұлағатты сөздер
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген...Ата - аналар жиналысы
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері мен міндеттері, отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беру,...Қарттарым аман-сау жүрші
Тәрбие сағат мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке...Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы
«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.