Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов «Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беріп отыру.»- деп жазды. Осы пікірлердегі ортақ идея – ұстаздың ізгіленуі және үндестігі.
Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен логикалық ойлау қабілетін дамыту - бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Себебі, оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақ та әр түрлі, жан - жақты болуы керек.
Математика пәнін оқытуда дидактикалық принциптерді қатаң сақтап, әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай әр түрлі формадағы оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді жүргізу керек. Оқушылардың логикалық ой - өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыруда, логикалық есептер шығарудың ерекше маңызы бар. Математикада логикалық есептерді жүйелі жүргізіп отыру, оқушылардың тыңдау қабілеттерін дамытып, ойлау дағдыларын қалыптастырады және математикалық сауаттылықтарын жетілдіреді. Оқып үйренуге арналған жұмыстар сыныпта орындайтын оқулықтағы тақырыптық жаттығуларды толықтыруға арналады. Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының ойлау қабілетін тереңдетуге болады.
Жалпы логикалық ойлауды дамыту дегеніміз барлық логикалық ойлау операцияларының арнайы жүйелі түрде қалыптастыру.
Ғылым мен техниканың тез қарқынмен дамуы оқушылардың мәдени дәрежесінің өсуі халық ағарту ісіне күн сайын жаңа білімі беру жүйесінде математиканың атқаратын ролі аз емес. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан - жақты жетілдіру орта мектептің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл міндетті шешуде мектептегі математика курсының күнделікті практикалық өмір талабына сай жаңа мазмұнда оқытылуы жеткіліксіз. Ол үшін оқыту үрдісінде сабақ берудің барынша тиімді әдістерін жинақтап, оқушылардың өз бетіндік және шығармашылық қабілетін арттырумен бірге сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды сапалы жүргізу қажет.
Қабілетті оқушылардың математикалық даму дәрежесі есеп шығарудан анық байқалады. Кез келген есепті шығару оқушыдан үлкен еңбекті, ерен күшін, табандылығын, төзімділігін, сенімділігін талап етеді. Оқушыны шығармашылық іс - әрекетке бейімдейтін, ақыл ойын дамытатын құрал – логикалық қызықты есептер, қиындығы мол олимпиадалық есептер, әр түрлі сайыстар. Математика оқулықтарында логикалық есептер жоқтың қасы, олар тек шығармашылық есептер деген айдармен бірен - саран кездеседі. Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, біріңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгертетін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар беремін. Міне, осындай тапсырмаларға логикалық есептер жатады. Себебі логикалық есептер арқылы әр оқушының ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.
Оқу процесіндегі осындай іс - әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық, логикалық ойлау қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі түрде ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын шығармашыл жеке тұлға қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.«Білімдегі жаңалықтар»,№1, 2015
2. Назарбаев Н. Ә.«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 17 - қаңтар 2014ж.
3. Гой Н. А.«Профессиональные сообщества как форма профессионального развития учителя», Астана, 2014ж.
4. Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары
- KOSPAEVA JADYRA
- 16 мам 2017
- 3948
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикалық ойлау жүйесі, дамыту жолдары, логикалық ойлау
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты математика» авторлық бағдарлама
Бұл бағдарлама математика саласы бойынша оқушы білімін тереңірек меңгертуге арналады. Математика - бастауыш сыныптағы негізгі де маңызды негіздердің...5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру үйірменің бағдарламасы (5 сынып)...Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...
Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу....Авторлық бағдарлама (математика пәні)
Түсініктеме Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің...4+4 қосу, математика
Ауызша есептер шығару, логикалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін, сабаққа деген белсенділігін дамыту;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.