Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.
Бұқар жырау
Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі.
Джордж Вашингтон
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.
Бауыржан Момышұлы
Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орынсыз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр.
Мұхтар Әуезов
Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз.
Михаил Лермонтов
Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
Иоганн Вольфганг фон Гёте
Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.
Тоқсары
Кім өзін құрметтесе, сол – бақытсыз, бірақ оның есесіне өзіне әбден көңілі тоқ адам – ақылсыз.
Ги де Мопассан
Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар.
Нельсон Мандела
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қожа Ахмет Йассауи
Құрмет құрметті адамға ғана жарасады.
Ғабит Мүсірепов
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..
Қадыр Мырза Әли
Құрмет туралы ұлағатты сөздер
- ramuk_b
- 16 қазан 2019
- 4923
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құрмет туралы ұлағатты сөздер, құрмет, ұлағат, қарттық, сыйлау
Ұқсас жаңалықтар:
Баға, бағалау туралы ұлағатты сөздер
Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме. Әзілхан Нұршайықов...Сатқындық туралы ұлағатты сөздер
Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында, Сатқындық та бұғып жүрмек қасында Мұхтар Шаханов...Сүйіспеншілік туралы ұлағатты сөздер
Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар. Бернард Шоу...Ұлт туралы ұлағатты сөздер
Ұлтқа пайдалы адам келсе, бәрiнен бұрын орыс өкiметiнiң атамекенiмiздегi жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сiзге не iстеу керектiгiн...Қуаныш туралы ұлағатты сөздер
Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз. Дейл Карнеги...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.