Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
Әзілхан Нұршайықов
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат - құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?
Әйтеке би
Інінің реті – тас қару,
Ағаның реті – басқару.
Әйтеке би
Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.
Әйтеке би
Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген — ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа - қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.
Жиренше шешен
Талабы таудай болғанмен.
Ағаның сәні - інімен.
Бірлігі болсын туыстың,
Ұйыған майдай күбіден...
Жиренше шешен
Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң — жапырағыңның қуарғаны,
Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.
Сырым Датұлы
Іні — ағаның тынысы.
Әйтеке би
Аға туралы ұлағатты сөздер
- ramuk_b
- 17 қараша 2018
- 17348
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аға туралы ұлағатты сөздер, аға, іні, нақыл сөздер, афоризм
Ұқсас жаңалықтар:

Аға, іні туралы мақал-мәтелдер
Алпысқа келгенде, Алты ағаң болсын. Жетпіске келгенде Жеті інің болсын. Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет....
Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау: Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?!...
Баға, бағалау туралы ұлағатты сөздер
Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме. Әзілхан Нұршайықов...
Өлім туралы ұлағатты сөздер
Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз. Ги де Мопассан Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?! Қадыр Мырза...
Елбасына арнау
Елдігім мен теңдігім бүгін таңда Оңайлықпен келген жоқ ол расында Желбіресе туымыз аспан көкте Ел ағасы Нұр ағаның арқасында....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.