Сайтқа кіру Тіркелу

Жаман туралы ұлағатты сөздер

Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап.
Жамбыл Жабаев

Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
Мұстафа Шоқай

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
Әзілхан Нұршайықов

Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі - өнегесінен.
Мұхтар Әуезов

Ұятсыз адам иттен де жаман.
Саиф Сараи

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атадан өнеге алмаған ұл жаман.
Қорқыт ата

Оптимисттердің арманы орындалады, ал пессимисттердің жаман ойлары.
Бернард Шоу

Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім - жаман мұғалім.
Максим Горький

Жаманға еткен жақсылығың
Жатқа кеткен малмен тең.
Адамға қылған жақсылығың
Арнап бір берген нармен тең.

Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас.
Махамбет Өтемісұлы

Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
жаман командир офицерін қор етеді.
Бауыржан Момышұлы

Халықпен - қастаспағайсың, жаманмен - достаспағайсың.
Шортанбай Қанайұлы

Жақсы адамдардың жүрегінде жақсы, жаман адамдардың жүрегінде жаман ойлар жүреді.
Ибн Хиббан

Жақсы мен жаманның арасы - жер мен көктей.
Базар Оңдасұлы

Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес.
Базар Оңдасұлы

Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай,
Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай.
Базар Оңдасұлы

Жаман болса алғаның - мақтасы қалың көрпе артық,
Қараға жауап бергеннен - аққа берген серт артық.
Базар Оңдасұлы

Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.
Ғабит Мүсірепов

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.
Тоқсары

Егер өзіңіз жүргенде жаман болса, басқалармен бірге бәрі жақсы болуы мүмкін емес.
Стивен Кинг

Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы,
Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы.
Келіншекке жарасар – емшектегі баласы,
Қыз он беске келгенде – шашынан көп жаласы,
Бұл жалғанның жаманы – ағайынның жаласы.
Бұқар жырау

Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісіңнің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды,
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жанжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар.
Жиынға киер жібекті,
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым» деп,
«Не көрсетіп қойдың» деп,
Тағы өзіңді жазғырар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман әйел – жігіттің тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы әйел – жігіттің жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Егер адамдар өздері туралы жақсы нәрсе айта алмаса, бөтен біреулер туралы жаман нәрсе айтады.
Михаил Литвак

Жаман әйел - жақсы еркектің соры.
Саиф Сараи

Жақсы мен жаманды ажыратып үйрететін адамға бәрін беруге де болады.
Роберт Де Ниро

Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де со­лар­дың бірімін.
Мұқағали Мақатаев

Жаман еркек жар қадірін білмес,
Жайсыз әйел ер қадірін білмес.
Жалқау адам тер қадірін білмес,
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.
Майқы би

Жаман әйел ер қадірін білмес.
Майқы би

Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.
Жалаладдин Руми

Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Жамбыл Жабаев

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
Абай Құнанбайұлы

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса — іздеп таба алмайсың.
Абай Құнанбайұлы

Жаманның жалаңдаған тілі жау.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Түзу қисықпен жараспас,
Ез игіге қараспас.
Жүсіп Баласағұни

Өңкей жаман қосылса — шығарады егесті,
Мәмілемен іс бітер, бас қосып қалса көп есті.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаманның аузына жұртта қалған сөз түседі.
Ғабит Мүсірепов

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.
Сүйінбай Аронұлы

Жаман әйел көп ұйықтар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жақсы мен жаманның айырмасы - сиыр мен жыланның айырмасындай. Біріншісі - шөпті сүтке айналдырса, екіншісі - сүтті уға айналдырады.
Әкім Ысқақ

Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.
Сырым Датұлы

Жаманнан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Алтынды орағанмен жез болмайды,
Жібекті жуғанменен бөз болмайды.
Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,
Жаманның көкейінде көз болмайды.
Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Жабыға – салма тоқым жалы бар деп,
Жаманға – басыңды име малы бар деп.
Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Би болмас — белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман — жуғанменен.
Ақан Сері Қорамсаұлы‎
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×