Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
Абай Құнанбайұлы
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.
Төле би Әлібекұлы
Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.
Саиф Сараи
Ындыны таза - иманды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сенімсіз - иман жоқ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жұртым - ау, құдайыңды ойлаймысың?!
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз - қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.
Қожа Ахмет Йассауи
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.
Абай Құнанбайұлы
Иман туралы ұлағатты сөздер
- ramuk_b
- 25 қазан 2018
- 8801
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Иман туралы ұлағатты сөздер, нақыл сөздер, қанатты сөздер жинағы
Ұқсас жаңалықтар:
Пейіл, ынсап, мейірім туралы ұлағатты сөздер
Пейілі кедей байдан сақта. Абай Құнанбайұлы Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. Шәкәрім Құдайбердіұлы...Дін туралы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі. Бөріге қой алдырмас ердің ері. Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері....Бес қымбат
«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген, «Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген! «Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi, «ИМан шартын бiлмесе,...Қара сөздер. Абайдың он үшінші қара сөзі
Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы...Ей, айтайын арнап Ешенге
Ей, айтайын арнап Ешенге, Кетіп еді есем де. Айтатұғын жөнім бар Ешенге не десем де....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.