Сайтқа кіру Тіркелу

Муляж әдісімен костюм жасау. Кәсіпкерлік

Мұғалім: Г. Ергалиева
Сабақ тақырыбы: С/ж: «Муляж әдісімен костюм жасау». Кәсіпкерлік
9 сынып
Сабақ мақсаты: оқушылардың костюм, киім, жарнама туралы білімділігін арттыру, муляж әдісі туралы біліктілігін қалыптастыру;
балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, жарнама жасауға және өзіндік шеберлікке дағдыландыру;
киім таңдаудағы өзіндік көзқарасын қалыптастырып, талғампаздыққа және әдемілікке тәрбиелеу.
Кәсіпкерлік туралы ұғымын дамытып, біліктілік дағдысын қалыптастыру
Көрнекілігі: слайдтар, киім үлгілері, материалдар мен қуыршақтар, сән түрлері.
Сабақ түрі: Аралас - практикалық
Сабақ әдісі: топтық – шығармашылық, сұрақ – жауап, эрудит, сарамандық жұмыстар

Сабақ барысы:
Сабақ құрылымы
Ұйымдастыру
Білу
а) «Мозайка» ойыны
ә) «Бинго» ойыны
(1 - 6 слайд)
Түсіну
Жаңа сабақты меңгерту
Қолдану
Сарамандық жұмыс
Талдау
б)«Сәйкестікті тап» ойыны
(7 - 8 слайд)
Жинақтау
в) «Адасқан сөздер» ойыны
(9 - 10слайд)

Сабақ мазмұны
Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарын аудару, сабақ мақсатымен таныстырып, жұмыс жасау бағытын хабарлау. Оқушыларға топқа бөлінуге мүмкіндік беру, әр топқа таңдауы бойынша ат қою: сұлба, костюм, сән және топ жетекшілері тапсырмаларын алады. «Мозайка» ойынының мағынасын түсіндіру, берілген қималардың сұрақтарына жауап беріп, құрастыру арқылы киім үлгісін шығарады. тез, 5сұраққа дұрыс жауап берсе, «5»ұпай
Бұл ойын 3 сектордан тұрады, әр сектор 5 сұрақтан құралған. 5 сұраққа түгел жауап берген топ «5» ұпай алады. Жауаптарын санмен жазып, таблоға жазады.
Муляждық әдіс (французша – құю, жапсыру, жасау, көшірме - бедер) деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде күрделі үлгі жасауда немесе жеке адамдарға тән пішім негізін жасағанда, жалпыға арналған өнімдер үшін жасалған үлгі - макетін тексеру үшін қолданылады. Киім тігу орындарында бұл әдісті буу, байлау, түйреу, жиыру әдістерімен қолданады. Кәсіпкер - өнеркәсіп, сауда, фирмалардың иесі, тиімді істердің амал - ретін тауып ұйымдастыра білетін іскер адам. Кәсіпкерлік – кәсіпкерге, оның ісіне тән қызмет істеуді ұйымдастыру, олардың бірлескен одағы Түсіндіре отырып, балаларға бірнеше әдіс түрлерін көрсету
Балаларға проблемалық жағдайдан шығу тапсырмасы беріледі. Мектепте өтетін кеште көрсетілетін сән үлгісіне дайындық.
Мұнда топтарға жауаптары алмасқан тапсырмалар беріледі Мұнда да қанша дұрыс жауап болса, сонша ұпай беріледі.
Бұл ойында топтарға «Түстер үйлесімділігі» тақырыбына сәйкес
тапсырмалар беріледі. Негізгі түстердің үйлесімді түстері адастырылып жазылған, оны тауып, реттеу керек
Балаларға түсінік беру, «Түртіп алу» әдісін қоса орындап отыруды ескерту.
Бағалау
Сызықтық диктант(11 - 12 слайд)
Топтарға сұрақ: Бүгінгі тақырыпқа сай кәсіпкерлік фирмалар ашуға және осы бағытта кәсіпкер болуға бола ма?
Балаларға сызықтық диктант тапсырмасы беріледі. Білім қорытындылау
Рефлекция
Жеңімпаз топты жариялап, құттықтау. ерекшелігіне қарай білімдерін бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есім

Зат есім

Сөз таптары, соның ішінде зат есімдер туралы ұғым беру, зат есімнің сұрақтарын меңгерту, сөйлемдерден сұрақ қою арқылы зат есімдерді табуға үйрету...
Алжапқышты модельдеу

Алжапқышты модельдеу

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға алжапқышты модельдеуде бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту; 2. Дамытушылық: Оқушылардың...
Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Экономикалық негізгі ұғымдармен таныстыру және өмірде пайдалана білуге үйрету, Әр түрлі кәсіпкерлікті ұйымдастыра білу, ұжыммен жұмыс жасау қабілетін...
Квадрат теңсіздікті квадраттық  функцияның  графигі арқылы шешуге есептер ш ...

Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер ш ...

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер шығару арқылы білімдерін жинақтау,...
Қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар

Қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар

БҚО облысы, Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәні мұғалімі: Б.Ү.Құрманбаева....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×