Сайтқа кіру Тіркелу

Тігін машиналарының түрлері

"Қуат Терібаев атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен"КММ
Технология пән мұғалімі
Габидуллина Гульмира Хамитқызы

5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тігін машиналарының түрлері.
(әмбебап, арнайы, жартылай автоматты, үй тұрмысында қолданылатын түрлері)
Тігін машинасында түзу тігіс жүргізуге үйрету. Тігін машинасының сапасын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақта күтілетін нәтиже:
1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2) Ойлау, есте сақтау қабілеті артады.
3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету СТО әдісі, сарамандық.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, тігін машиналарының түрлері.
Сабақтың құрал - жабдықтары: ине, жіп, қайшы, мата түрлері.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин.
- оқушыларды тізім бойынша түгендеу.
- сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
- Шаттық шеңбер «Сен жақсысың»
III. Жаңа сабақ. 15 мин.
Жоспар.
1. Тігін машинасының түрлері мен шығу тарихы.
2. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
3. Машина тігіс түрлері.
1. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Тігін машиналарының түрлеріне тоқтамас бұрын біз олардың шығу тарихынан кішкене мағлұмат алайық.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
•1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
•1844 - 1845 жылы – Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
•1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге әкелді
•1870 жылы – АҚШ - та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
•1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
•1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизайндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
•1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі.
(Қызығушылықтарын ояту). Енді біз тігін машинасының ойлап тапқан тапқыштарымыз жайлы «Таңшолпан» айдарынан мынандай қызықты мағлұматтар тыңдап көрелік.
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Енді әр машинаның құрылысы мен айырмашылығымен танысайық.
Біздің бірінші танысатынымыз қазіргі заманауи тұрмыстық тігін машинасының бірі электр тігін машинасының құрылысы.
Қол машинасы. 5
1 - Сермер доңғалақ.
2 - Түтік.
3 - Жіп орағышқа арналған өзек.
4 - Сермер доңғалақ.
5 - Қолжетек.
6 - Платформа.
7 - Түтік тіктеме.
8 - Реттегіш.
Аяқ машинасы.

1 - Стол
2 - Бау (ремень)
3 - Дөңгелек
4 - Педаль
5 - Тартпа

Тұрмыстық тігін машиналарынан басқа өндірістік машиналарда бар екен. Бұл машиналар салмақ пен көлем жағынан да өте үлкен машиналар. Бұл машиналарды біз киім тігетін отельелерден көре алады екенбіз.

2. Сонымен біз өзіміздің үйіміздегі қолданылып жүрген тұрмыстық машинамызбен жұмыс жасауды бастайық. Жұмыс бастамас бұрын алдымен тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек.
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20 - 30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.

3. Машина тігістерінің түрлері.
Тігіс дегеніміз не? Бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосқанды тігіс деп атаймыз. Тігіс – бұл бұйым бөлшектерінің жіппен, желіммен немесе дәнекерлеу арқылы біріктірілген орны.
Тігім - инешаншымдардың қайталанған қатары, ал инешаншымдар – бұл иненің екі шаншымы арасындағы жіптер. Кезектесіп келетін екі инешаншым арасындағы арақашықтық инешаншымдар ұзындығы деп аталады.
Бөлшек қиығынан тігімге дейінгі аралық тігіс ені деп аталады.
Енді біз тігін машинасының тігістерінің бірнеше атауына тоқталайық: сырып тігу, бастыра тігу, жөрмеп тігі, бүгіп тігу. Машинамен тігу үшін біз осы тігістердің ішінен сырып тігу, бастыра тігуді орындаймыз.
Мен сіздерге әр машинамен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетіп шығамын сіздер мұқият қадағалаңыздар.

IV. Сарамандық жұмыс. 15 мин.
Нұсқау: 1. тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
2. Машина тігістерін орындайды.
5. (Ой толғау). Қыздар машина тігістерін орындай отырып, еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз, қолөнерді сөз өнерімен ұштастырайық.
Мазмұнына қарай мақал - мәтелді жалғастырыңыз
1. “Жіп жіңішке...... үзіледі”. (жерінен)
2. “Жіптің ұзыны жақсы, Сөздің........ жақсы”. (қысқасы)
3. “Тігіншіні....... асырайды”. (ине)
4. “Тігінші кем істейді,............. тегістейді”. (үтік)
5. “.......-........ бар әйелдің, Үсті - басы жыртылмайды”. (ине - жібі)
6. Үйренгенің......... құт, Істегенің еліңе құт. (өзіңе)
7. Көз көруге тоймас, Көңіл........ тоймас. (өнерге)

V. Сабақты бекіту. 5 мин.
1. Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2. Тігін машинасы не үшін қажет?
3. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4. Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
5. Тігіс түрлерінің жасалуын түсіндіру.

VI. Қорытындылау: сөзқұрақ құрастыру (мағынаны табу) 5 мин.
Анитрекэашлм - электромашина
Імтіг – тігім
Имшынешан – инешаншым
Нігті асыншами - тігін машинасы

VII. Бағалау оқушылар бір бірін бағалайды. 2 мин.
VIII. Үйге тапсырма. Машина құрылысын жатқа біліп келу және машина тігістерін жасап келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тігін машинасын жұмысқа дайындау

Тігін машинасын жұмысқа дайындау

Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді, тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы...
Тігін машинасының шығу тарихы

Тігін машинасының шығу тарихы

Тігін машина түрлерін анықтау. Тігін машинасының құрылысы Сабақтың жалпы мақсаты: машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру,...
Машина тігістері

Машина тігістері

Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев орта мектебінің технология пән мұғалімі Габидуллина Гульмира Хамитовна...
Тігін машинасының құрылысы

Тігін машинасының құрылысы

Сабақтың мақсаты: а\оқушыларға тігін машинасының құрылысы, түрлері туралы түсінік беру. ә\оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып...
Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.

Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.

Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×