ШҚО Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы
«Өкпеті» орта мектебінің технология пәні мұғалімі
Башахов Болат Орынғазыұлы
Сабақтың тақырыбы: Ағашты бедерлеп ою
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу арқылы бедерлеп ою әдісін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік: оқушыларға ақыл - ой, еңбек және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтын түрі: сарамандық сабақ.
Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Өткен материалды еске түсіру.
3. Жаңа сабақ
а) Ағашты көркемдеп өңдеу.
ә) Ағашты ою тәсілдері.
б) Ағашты ою құралдары.
в) Ағашты бедерлеп ою.
г) Ою - өрнектердің қолданылуы.
е) Ою ережелері.
д) Нұсқау карта бойынша жұмыс.
ж) Жаңа материалды пысықтау.
4. Сарамандық жұмыс.
5. Жұмысты аяқтау, қорытынды.
Сабақтағы жұмыс нысаны: асханалық бұйым жиынтығының ілгіші мен ет турайтын тақтайын жасау.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Асхана жиынтығының ілгіші және ет турайтын тақтай жасаудың нұсқау картасы.
2. Бұйымның дайын үлгісі.
3. Техникалық қауіпсіздік ережесі.
Қажетті құрал - саймандар, материалдар.
1. Тақтай /15х 500х 150мм/1 дана
2. Тақтай /20х300х 180мм/ 1 дана
Сызғыш, қарындаш, циркуль, транспортер сызғыш, түрпі, егеу түрлері, ою пышағы, қашау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сабаққа қатысуды бақылау.
ә) Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Өткен материалды қайталау.
3. Жаңа сабақ.
Ағашты қол арамен кесіп, оны тегістеп сүргілеу, қашаумен әр түрлі өрнектер түсіру немесе әр түрлі ойықтар тесу жұмыстары ағашты көркемдеп ою жұмыстары деп аталады.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдай білу керек. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаштар пайдаланылады. Мұндай материалдың бетіне өте нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді орындау мен әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі.
Көркемдеп өңдеу жұмысына бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп, тақтай бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Көркемдеп ою - өрнек жасауға арнайы құралдар пайдаланылады. Олардың негізгі қолданылатын түрлері - тік және әр түрлі ойық жүзді қашаулар. Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін қашауларды, сүргілерді, бұрғыларды пайдаланады. Көркемдеп өңдеу үшін тік өткір жүзді қашаулар мен жартылай ойықша қашаулардың жүздері 6 мм - ден 32 мм - ге дейінгі қашауларды пайдалануға болады.
Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар - қашау мен үшкір пышақ.
Ағашты көркемдеп оюдың бірнеше тәсілдері бар. Негізінен оларды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп шартты түрде екіге бөліп топтауға болады. Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, ағашқа бедерленетін барельефті атайды.
Бедерлеп оюдың өзі де орындалу әдіс - тәсілдеріне қарай әр түрлі болады. Егер тақтайға өрнекті тіліп түсірсек, жосықтау деп, қашау ізін тік салсаң, қиып ою деп, қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсаң, кертіп ою деп атайды. Ағаш оятын орынға жарық қарсы алдыңнан немесе сол жағыңнан түспесе, бедердің көлеңкесі молайып, назарыңды шатастырады. Өткір жүзді құралдар пайдаланылатындықтан жұмыс үстінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау керек. Қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындамасаң, саусағыңды кесіп алуың әбден мүмкін. Себебі бедерлеп ою тікелей қол күшімен жасалады. Сондықтан сол қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытына апаруға болмайды.
Ағашты оймас бұрын, ең алдымен, көңілің қалаған ою үлгісін қағазға салып ал. Содан соң сол үлгіні ағаш тақта бетіне көшір. Бұдан кейін ою пышағы арқылы қиып ою, кертіп ою, тік ою, жартылай дөңгелектеу тәсілдерін көрсетемін.
Ағашты бедерлеп ою тәсілінде көбіне геометриялық ою үлгілері қолданылады.
Нұсқау карта бойынша асханалық бұйымның ілгіші мен ет турайтын тақтайдың жасалу жолы түсіндіріледі. Сонан соң пышақпен, арамен және түрпімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі түсіндіріледі.
4. Сарамандық жұмыс.
а) Нұсқау карта бойынша бұйымның сызбасын материалға түсіру.
ә) Арамен кесіп, түрпі егеудің көмегімен бұйымның нобайын келтіру.
б) Тақтайдың бетіне қағаздың көмегімен өрнек түсіру.
в) Өрнекті пышақпен бедерлеп ою.
г) Дайын бұйымды бояп, әсемдеу.
5. Қорытынды.
Оқушылардың жұмысын бағалап, жұмыс орнын ретке келтіру.
Ағашты бедерлеп ою
- bolat68
- 23 ақпан 2016
- 5955
- 0
- 60
Ілмек сөздер: Технологиядан сабақ, ағашты бедерлеп ою, асханалық бұйым
Ұқсас жаңалықтар:
Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау
Сабақтың мақсаты: Сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету....Ағаштан телефон қойғыш бұйымын жасау
Дамытушылық мақсат: Ағашты әртүрлі мақсатта жұмыс істеу тәсілдерін үйрету, меңгерген білімдерін практикада қолдану. Телефон қойғыш жасау әдісін...Шекімелеу әдісі
Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ерте заманда біздің ата - бабаларымыз шекімелеу арқылы үй - жихаздарын,...Бұйымды ағаш шеберлігімен әрлеу және әрлеу материалдары
Технология пәні мұғалімі: Амирбеков Куатбек...Өңдеу тақтайын дайындау
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің сызу, технология пәні мұғалімі Қалиев Жандос Байбатырұлы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.