Сайтқа кіру Тіркелу

Құрақ құрау әдісі

Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау әдісі». (8 сынып)

Сабақтың мақсаты: құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлерімен танысу.
Білімділік: құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне тоқталу.
Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету.
Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.
Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақты түсіндіру
а)шығу тарихы;
ә )құрақ түрлері;
б )қолданылуы;
в )құрақ құрау әдісі;

Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.

Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.

Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);
2. Жапсырмалау (аппликация).

АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады.Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, кошелек т.б
Жасалу жолдары:
а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.

III. Сарамандық жұмыс. Қ.С.Е еске салу. Кіріспе нұсқау.
Құрау технологиясы:
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.
4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.
Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз.
Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.
«Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картаны қолданып құрақ құрау.

IV. Сабақты бекіту:оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау, бағалау.
1. Қандай ұлттық құрақ түрлерін білесіңдер?
2. Құрақ дегеніміз не?
3. Құрақ түрлері қандай топқа бөлінеді?
4.Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады?
5. Ағылшын , Жапон тілінде құрақ құрау қалай аталады?
6. Қандай құрақ бұйымдарын білесіңдер?
Әр ұлттың өзіне тән тіл, өнері, дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік. Қандай өнер болса да оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет.
Мақал:
«Көнілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ.

V. Үйге тапсырма. Үйге құрақ көрпешелер тігудің технологиялық картасына қарап көрпеше тігу тапсырылады.
«Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картасы
№----Құрастыру реті------------------------------------------------------------------------------------------------Керекті құрал-жабдықтар --------------нобайы
1. Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10*10 және7*7 шаршы қиып ал, тігіске 0,5-1см қосымша қалдыр. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
2. Шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
3. Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
4. Екі қатардың арасына 3-4см екі түсті жолақ көкте,тік. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
5. Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5см жүргіз. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10*12 см қалдыра отырып, көкте және тік, бұрыштарын қиып аударып үтікте. ине, жіп, мата, қайшы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×