Сайтқа кіру Тіркелу

Гүл композициясын құрастыру

Сабақ жоспары.

Сыныбы: 7.
Тақырып: Гүл композициясын құрастыру.
Мақсаты: Гүл композициясына толық түсінік беру.Табиғи материалдардан гүл құрастыру және оның жасалуын түсіндіру.
Білімділік: Гүл композиция түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: Ойлауды танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Тазалыққа, ұқыптылыққа дағдыландыру, көркемдік талғамды, икемділікті қалыптастыру, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа тақырып.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сарамандық.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері, орыс тілі.
Көрнекілік: Суреттер жинағы, тақта, дәптер, қалам, карандаш. Гүл түрлері слайд. Үй гүл өсімдіктерінің түрлері. Гүлістан журналы.
Құрал – жабдықтар: қайшы, ұсақ тастар мен гүл орайтын фольга және корзина, паралон қиындылары, түрлі түсті таспалар(лента). Жасанды гүл түрлері және кепкен жапырақтар мен гүлдер.
Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
- сәлемдесу
- түгендеу.
- оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
- оқушыларды топқа бөлу.
- жұмыс орнын дайындау.
- ТҚЕ айтып кету.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мүйіз типті ою өрнектерді қағаз бетіне жасап келу.
( І. Қызығушылықты ояту) Кім жылдам?.
Қандай гүлдердің атауын біледі екенбіз?.
Мына гүлдердің орысша атауын табыңыздар?.
Қазтамақ - герань, шегіргүл – фиалка, раушан - роза, түймедақ - ромашка.
Қазтабан гүл - гусиные лапки, жасаңшөп - толстянка т. б.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Гүл композициясы дегеніміз - гүлмен көркемдеп құрастыру.
Енді біз әр түрлі гүлдерді корзинаға әдемілеп үйлестіріп сыйлық гүл жасаймыз.
Жұмыстың орындалуы
- Корзина дайындап алу.
- Паралонның қиындысын корзина түбіне шақтап орналастыру
- Паралон бетіне ұсақ тастарды салу (тастарды әр түрлі түске бояуға да болады).
- Жасанды гүлдерді желіммен паралонға жабыстыру.
- Өз қиялымен әрлеп жасау.(жапырақтар салып, кепкен бұтақтарды қолдану).
(ІІ. Мағынаны ашу). Берілген мақалдың мағынасына әр топ өз ойларын, түсініктерін беру.
І топ. «Гүл өссе – жердің көркі»
ІІ топ. «Гүл – көңіл ашады»
ІV. Сарамандық жұмыс.
Тақырыбы: Гүл композициясын құрастыру. «Сыйлық гүл жасау»
Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға берілген тапсырманың орындалуын қадағалау мен түсіндіру, көрсету.
Сарамандық жұмыстың құрал - жабдықтары: қайшы, ұсақ тастар мен гүл орайтын фальга және корзина, паралон қиындылары, түрлі түсті таспалар(лента). Жасанды гүл түрлері және кепкен жапырақтар мен гүлдер.
Гүл композициясын жасау кезіндегі ТҚЕ сақтау.
Сергіту сәті. 2 мин.
Бәріміз экранға қараймыз «Қарлығаш» сергіту сәтін жасаймыз.
V. Бекіту.( ІІІ. Ой толғаныс)
Гүлдерді атауына қарай өзіндік сыйлау қағидасы, мәдениеті болады екен айтып жіберіңіздер кім біледі?
Гүлдерге байланысты есімдерді білеміз ба?.
VI. Сабақты қорытындылау.
Бүгін менің білгенім..... Мен енді жасай аламын.... Менің түсінбегенім...
VI. Үйге тапсырма.Жұмысты аяқтау.
VII. Оқушыларды бағалау.(оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарына қарап бірін - бірі бағалайды.)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Күнтізбелік жоспар еңбекке баулу 3 сынып

Күнтізбелік жоспар еңбекке баулу 3 сынып

Күнтізбелік жоспар. Еңбекке баулу 3-сынып. Барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағаттан...
Өз қолымен жасалған сыйлық (кепкен өсімдіктерден)

Өз қолымен жасалған сыйлық (кепкен өсімдіктерден)

Сабақтың мақсаты: Білімділік; білімгерлердің табиғи материалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру, жасайтын бұйымдарын композиция арқылы құрастыруға...
Квиллинг техникасымен «Әсем» гүлін жасау

Квиллинг техникасымен «Әсем» гүлін жасау

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кенті Жезді аралас орта мектеп – интернатының Бейнелеу өнері, сызу және технология пән мұғалімі: Жайлыбаева...
Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлері

Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлері

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шалабаева Алтын Әзбергенқызы...
Өсімдіктерден  алынатын  табиғи  материал  түрлері.

Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлері.

Атырау обл, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даулетова Тойгүл Мырзабекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×