Сайтқа кіру Тіркелу

Бисермен аққу құсын бейнелеу

Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету. Аққу құсы туралы түсінік беру.
2. Жобаны құрастыру және дайындау,
3. Жоба бойынша аққу құсынның суретін салып, бисермен жапсырмалау, ой - өрісімді, білімімді жан - жақты дамыту, Халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрін, өнерін құрметтеу.
І. Жобаның бағытының негізі.
Қол – өнер жұмысын өркендету.
ІІ. Жобаны орындау жүйесі
1. Проблема: мектепте технология сабагынан бисермен жұмыс жасау керек болды. Жұмысты неден бастау керек? Әр түрлі құстардың альбомға суретін салып,
өзіме ұнаған біреуін таңдап алып, осы тақырып бойынша шығармашылық, жоба дайындауға кірісемін.
2. Таңдап алынған үлгі Бисермен аққу құсын бейнелеу. Бұл суретте аққу құсы өрнектелген. Бұл құс әр түрлі бисермен (су моншақпен) жапсырылған.
3. Жоба сарамандық жұмысқа жоба ретінде технология сабақтарына ұсынылады: Бұл бисермен аққу құсын жапсыру өрнегі ерекше, әдемі көрнекті. Басым түстері ашык, бір - біріне жақсы үйлеседі. Көрме ішін әшекейлеуге, сыйлыққа беруге ыңгайлы.

III. Керекті құрал - жабдықтар мен материалдар:
1) Фанер (шеретақтай)
2) клей ПВА
3) Бисер (су моншақ) әр түрінен
4) ине
5) жапсырылатын бұйымның суреті салынған техникалық карта
6) жұмыс дәптер
7) сызғыш
8) қарындаш
IV. Үлгілеу, өзгерістер енгізу, нұсқау карталар жасау.
1) Аққу құсының эскизін алдын ала қағазға түсіру.
Ү. Жоба жинағы туралы жалпы мәлімет
Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде қазақ халқының шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Аққу құсы туралы жалпы мәлімет
Аққу – қазтәрізділер тобына жатады. Қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу, кіші аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді. Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын - жазушылардың шығармасына арқау болған құстар. Олар сонымен қатар, ұша алатын үлкен құстар қатарына да жатады. Аққудың түсі ақ, салмағы 12 - 13 килограммға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегенде үйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзын мойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді.
Туып өскен жеріне наурыздың аяғы – сәуірдің басында қайтып оралған аққулар Қазақстан суларынан өздеріне азық, жауларынан және ауа – райының қалайсыз жағдайынан қорғанатын баспана табады. Әсіресе, қамысты қапалардың олар үшін маңызы өте зор. Көл жағасында жайқала өскен қамыс - құрақ арасына олар өздерінің ұяларын салады. Ұясын көбінесе қамыстан салады. Оның диаметрі 120 - 150 см болады. Аққулар еркек - ұрғашы болып жұптасқан соң, осы жұбын екеуінің біреуі өлмей жазбайды. Олардың бір - біріне сондай беріктігі туралы ел аузында ғасырдан ғасырға айтылып келе жатқан аңыздар бар. Бұл құстың бір - біріне сүйіспеншілігі сонша, егер түрлі себептен біреуі өлсе, екіншісі бұл қайғыға шыдап тұра алмайды екен. Жесір қалған аққу көк аспанның сонау биігіне самғап, сонда соңғы «әнін» айтып болғаннан кейін, жерге қарай оқша зуылдап, тасқа соғылып өледі. Бұл шындық па? Жоқ. Бірақ, жұбайынан айырылған құстың «қуу - у... қуу - у... қуу - у» лап сол жерден көп уақыт кептейтіндігі шындық.
Аққудың көркі, мінез - қылығындағы ерекшеліктер сонау дәуірден бері халықты таңдандырып келеді. Оның су бетінде маңғаздана жүзгені, ұшқанда қанатын қағып көтерілуі, табиғаттың берген әсем бір құбылысы емес пе! Тіпті, қазақ халқы адам бойындағы жақсы қасиеттерді осы құсқа балайды ғой. Мәселен, «аққу - мысық көлдегі, асылымсың елдегі» деп ән шырқауда да адамды аққуға теңеп, оны әсемдіктің, сұлулықтың символы ретінде бағалап отыр емес пе?
Аққу қолға жақсы көнеді. Соған сәйкес, оны үй маңындағы, санаторийлер төңірегіндегі су қоймаларында ұстап үй құстарына айналдыруға әбден болады. Табиғаттың аса сұлу, кербез бұл кереметі Алматыдағы Үкімет үйі алдындағы су айдынына көріп беріп тұруы бұған дәлел болады. Ол жерге қаншама адам барып, құстың әр түрлі қимылымен, іс - әрекетінен өзіне эстетикалық әсер алып қайтады. Әсіресе, жасөспірімдер оны көріп, шаттана қуанып, мәз - мейрам болады. Жер бетіндегі аққудың 7 түрі: қара аққу, қарамойын аққу, кернейші (сырнайшы ) аққу, тундра немесе кішкентай аққу, саңқылдақ аққу, американдық аққу және тістеуік аққу.
Аққу пәктік пен тазалықты, адалдықты пір тұтатын киелі құс. Қазақ халқы аққуларды ежелден махаббаттың символы мен сезім патшайымына балаған…
Қара аққу
Қарамойын аққу
Сыбырлақ аққу
Кіші аққу
Сұнқылдақ аққу
Бисермен бейнеленген аққу құсы
Аққулар
Құс патшасы аққулар,
Сән берген жер мен аспанға,
Көктемде көлде саңқылдар,
Ұқсайды сырнай тартқанға.

Ақ қардай аппақ алыстан,
Ақ құстар көзді арбайды.
Қос аққу жаңа танысқан,
Жігіт пен қызды аумайды.

Білегіндей жас баланың,
Аққудың имек мойыны.
Басады көңіл алаңын.
Жас аққулар ойыны.

Аққуларға жетпейді,
Жер, көкте бар тазалық.
Бір көрсең шаттық көптейді.
Көңілің қалар тазарып.

Сағынып жаңа тапқандай,
Сұңқылдасып көп күлер.
Бірдеме әжең айтқандай,
Сыбырлары айқын естілер.

Ұмсынып көктен қараған,
Ай мен Күн кезек тыңдайды.
Ерекше дауыс тараған,
Саңқыл мен сұңқыл тынбайды.

Қанаты кейде қайырылса,
Қиындыққа үнсіз көнеді.
Сыңарынан оқыс айырылса,
Өзі де құлап өледі.

Өтсе де қанша замандар,
Тәртіпті берік сақтайды.
Ешқашан есті адамдар,
Аққуларды атпайды!

ҮІ. Қорытынды кезең:
1. Жобаның сапалық бағасы: Өте жақсы
2. Жобаға жұмсалған материалды, уақытты және еңбегіңді есептегенде жобаның құндылық бағасы:
Орындау уақыты 5 - 6 күн есептегенде 3000 теңге
3. Жобаңызға ұқсас саудада тұрған заттан ерекшелігі және артықшылығы: Жобаның артықшылығы өте көркем, әдемі көз тартатын бұйым. Қос аққу құсы ерекше бейнелен. Алып жүруге ыңғайлы, ерекше бұйым, сыйлыққа тарту етуге және үйге сән береді және мектеп көрмелеріне іліп қойғанға өте лайықты.
4. Жобаны орындау барысында адам денсаулығына әсері: Адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ, қайта қол - өнер жұмысын мектепте оқушыларға әрі қарай дамытуға пайдасы бар. 8 - наурызға, туылған күндерде сыйлық ретінде беруге болады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×