Сайтқа кіру Тіркелу

Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйсін жөндеу

«Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйсін жөндеу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды дизельді двигательдердің қоректндіру жүйесін жөндеу мен ретке келтірудегі теориялық білімдерін нығайту, практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Механизмдердің бөлшектеу, жинау реттеу жолдарын үйрете отырып, оқушылардың дұрыс дағды қалыптастыруын көздеу, теориялық білімін практикада қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Техникалық ережесін сақтауға үрету. Білім алушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жинақылыққа, еңбек сүйгіштікке баулу. Таңдаған мамандықтары мен техникаға сүйіспеншілікпен, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақта пайдалынылған көрнекі құрал жабдықтар: Проекторлы тақта, қоректендіру жүйесінің схемасы, технлогиялық нұсқау карта, плакат.
Практикалық құралдар: Орта набор кілттер, қысқыштар, бұрандалар және т. б.
Өткізетін орны: Зертхана.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, өзбетімен тапсырманы орындау.
Сабақ түрі; Аралас

Сабақтың барасы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Теориялық тексеру сұрақтары

III. Жаңа сабақ мазмұны
Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесінің ерешеліктерне, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдың ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да ондағы ауамен араласып жану қоспасын құрайды.

Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрлі жасалады, яғни қалыпты байытылған немесе кедейлетілген түрлері.

Дизельді двигателдердің тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтаңда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соныңда бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соныңда, оының температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді. Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкенболады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзетеді.

Дизельді двигательдердің осындай ерешеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жұйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді. Олардың негізгілері жанар майды үлкен қысыммен цилиндр ішіне беретін құралмен қоса, оны сол үлкен қысыммен бүркіп беретін құрал болып табылады.

Беларус тракторларында қолданылатын дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесінің принципиалдық схемасы көрсетілген.
Одай жүйе негізгі мынандай құралдардан жинастырылады:
Жанар май ыдыс
Ірі сүзгі
Майда сүзгі
Кіші қысымды насос
Жоғарғы қысымды насос
Жанар май бүркіп шашатын форсунка Ауа тазартқыш

Олар мына төмендегідей ретпен жұмыс істейді.

Сору процессі кезінде цилиндр ішіне ауа тазартқыш 1 арқылы таза ауа сорылып кіреді. Әр қарай қысу процессі жүреді. Осы қысу процессі соңында цилиндр ішіне жанар май форсунка арқылы бүркіліп беріледі.

Цилиндр ішіне жанар май берілу жұмысы мынандай ретпен атқарылады. Жанар май ыдысынан тазалағыш тор арқылы жанар май сорылады. 2 Оны соруды кіші қысымды насос іске асырады. 4 Сол кезде жанар май жол жөнекей ірі сүзгі 3 арқылы өтіп, онда механикалық қоспалардан тазаланады. Жанар май әрі қарай майда сүзгіні 7 аздаған қысыммен беріледі де, онда онда мұқият тазаланып жоғарғы қысымды насосқа 5 жетеді. Осы насосқа дейін жанар май үнемі үздіксіз ағынмен беріліп тұрады.
Дизельді двигательдердегі негізгі құралға жағары қысым насос пен форсунка жатады. Себебі олардың атқаратын жұмыстарыда саған байланысты құрылыстарыда күрделіболып жасалады.

Жоғары қысым насос екі түрлі қызмет атқарады: Біріншісі – жанар майды цилиндр ішіне дер кезінде ғана, яғни қысу процесінің соңында үлкен қысыммен, форсунка арқылы бүркіп береді. Екінші қызметі двигательдердін жұмыс жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын қамтамасыз ету үшін, жанар майды мөлшерлеп береді.

Сонымен жоғары қысымды жанар май насосы әрі дер кезінде, әрі қажетті мөлшерде ғана жанар май беруді іске асырады.
Жоғары қысым насос қорабына гильза бекітіледі. Оның ішіде плунжир 6 орналасқан және ол гильза ішінде ілгері кейінді қозғалыс жасай алады. Оның жоғары қарай қозғалуына жұдырықша 1, ал төменгі қозғалысын серіппе 4 іске асырады. Гильза 5мен плунжер 6 аралығындағы саңылау 1 - 2 мкр - нан аспайтындай етіп, өте мұқият дәлдікпен жасалады, ал аралығындағы үйкеліс жанар майдың көмегімен майланады Плунжер 6 винтті тәрізді кесік 9 жасалған және ол кесікпен плунжердің ортасында жасалған тесік жлғасып тұрады. Ал гильзада жанар май кіретін 8 және шығатын 10 тесік бар Гильзаның басында кіші қысымды клапан 12 бекітілген және ол жоғары қысымды түтік 13 арқылы форсункамен жалғасады. Форсунка қорабының 16 ішінде конусты ине 15 орналасқан. Ол иненің бір ұшы қораптағы бүркетін тесікті 18 серіппенің 14 көмегімен итерліп жауып тұрады. Ине 15 мен форсунка қорабының 16 аралығында жанар май 17 орналасқан. Двигательдің иінді білігі айналған кезде, онымен жалғасқан насостың жұдырықшасы 1 да айналады. Оның айналған кезде плунжер 6 серіппесін 4 қысып жоғары көтереді. Плунжер қырымен кіретін 8 және шығатын 10 тесіктерді жапқанша жанар май қысымы көтерілмейді. Плунжер жоғары қарай жүре келе гильзаның екі тесігін де жапқан кезде, оның үстіндегі жанар май сыртпен қатысын үзеді де, өысымы арта бастайды. Жанар май қысымы жеткілікті мөлшерге жеткен кезде, кіші қысымды клапан 12 ашылады да түтік арқылы форсункаға береді. Сол кезде ол өзінің серіппесін қысып жоғары көтерледі. Оның жоғары көтерлуі себепті бүркетін тесік ашылады да жанар май үлкен қысыммен цилиндр ішіне шашылады.

IV. Практикалық жұмыс
1) Қоректендіру жүйесінің ақауын анықтау
2) Ірі көзді және кіші көзді сүзгілерге техникалық қызмет көрсету.
3) Жоғары қысымды насосты бұзып және қайта жинау.
4) Форсунканы арнай ки - 562 стендтеріне салып қысымын анықтау.

V. Қорытынды
Жеке тапсырманы тапсыру, жетістіктері мен артықшылықтарын атап көрсету.
Тиісті бағаларын журнал бетіне түсіру.

VI. Үйге тапсырма
Техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтау.
Өтілген жаңа сабақ мазмұның қайталау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×