Сабақтың тақырыбы: Өңдеу тақтайын дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ағаш материалдарынан үй тұрмысында пайдаланатын бұйымдар жасауды үйрету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық шеберлігін, еңбекке іскерлігін, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Сызу, сурет, география, биология, физика.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кесте, үлгі, карта.
Құрал - жабдықтар: Қол ара, сүргі, сызғыш, қарындаш, тік бұрышты сызғыш, ф10 бұрғы, егеу, үлгі.
Күтілетін нәтиже: Еркін жұмыс істеуге дағдыланған, сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім, қауіпсіздік ережесін сақтай білетін, шебер оқушы қалыптасады.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Сұрақ – жауап әдісі;
- Бұйымды тексеру;
- Технологиялық картаны тексеру.
III. Жаңа сабақ.
- Cлайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру;
- Сарамандық жұмыс.
IV. Сабақты қортындылау.
V. Сабақты бекіту.
VI. Оқушы білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Сұрау - жауап әдісі.
«Ғажайып қоржын» ойыны
(қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру)
а) симметриялық осьті не үшін жүргізеді?
б) асылма жақтауларын қалай анықтаймыз?
в) асылма нұсқасын қандай құралмен қиып алады?
г) тесікті қандай құралмен теседі?
д) қабыршақтарды қандай құралмен алады?
ж) қаңылтырмен жұмыс істегенде қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
- Бұйымды тексеру.
Қаңылтыр материалмен құлыптың ілмегін дайындап келу.
- Технологиялық картаны тексеру.
Дайындаған құлыптың ілмегінің технологиялық картасын қағаз бетіне түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
- Сарамандық жұмыс.
Жұмысты атқару реттілігі
Эскиздер
Құралдар мен жабдықтар
1. Дайындаманы ұзындығы бойымен белгілеп алып, аралап кесу Қол ара, аралауға арналған тірек.
2. Қалыңдығы мен жиектерін өлшем бойынша сүргілеу Сүргі, сызғыш, рейсмус.
3. Тақтай жиектерін белгілеп сызу. Сызғыш, қарындаш, тік бұрышты сызғыш
4. Тақтай сабын аралап шығару ф 10 мм тесік тесу. Қол ара, ф10 мм бұрғы.
5. Тақтай сабын майдалап шабу және өлшем бойынша бақылау жүргізу. Зімпара қағаз, сызғыш
6. Өңдеу тақтайын бояу және лақтау арқылы сәндеп әсемдеу. Қарындаш, қылқалам, майлы лак.
Өңдеу тақтайын дайындаудың технологиялық картасы.
ІV. Сабақты қортындылау.
V. Сабақты бекіту.
а) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай материал керек?
ә) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай құрал – саймандар керек?
б) Ағаш материалмен өңдегенде қандай техника қауіпсіздігін сақтау керек?
в) Қазақстанның қай өңірлерінде орман - тоғайлар көп кездеседі?
VІ. Оқушы білімін бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
Тақтай бетіне эскиз суреттерін салып келу.
Өңдеу тақтайын дайындау
- Қалиев Жандос
- 21 наурыз 2014
- 6306
- 0
- 0
Ілмек сөздер: технология, өңдеу тақтайын дайындау, дизайн
Ұқсас жаңалықтар:
Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау
Сабақтың мақсаты: Сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету....Ағашты бедерлеп ою
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдай білу керек. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаштар пайдаланылады. Мұндай материалдың...Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің сызу, технология пәні мұғалімі Қалиев Жандос Байбатырұлы...Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
ШҚО, Семей, Новобаженово ауылы, сызу және сурет пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Жанысбаева Алмагул Адильхановна Технология Тақырыбы: Цилиндр...Жеті рет өлшеп, бір рет кес
Оқушыларға таңдаған киімдеріне өлшем алу, оны үлгі бойынша матаға қию, көктеу тігістерін жүргізу жұмыстарын орындау технологиясын көрсету. ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.