Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың ою - өрнек туралы түсініктері мен шеберлік дағдыларын
қалыптастыру.
Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Шеберлікке, үнемділікке тиянақтылыққа баулу, әдемілікті сезіне білуге, шебер адамдарын құрметтеуге, олардың еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Топтық сайыс сабақ.
Сабақ типі: Қорытынды сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, альбом, бағалау парағы, қағазға жапсырылған оюлар, кесте тігістері, матаға басылған оюлар.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика.
Қажетті құрал – жабдықтар: Ақ, түрлі – түсті қағаз, желім,
қайшы, бір түсті маталар, ине, жіп.
Қауіпсіздік ережесі: Қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс жасау.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: А) оқушыларды түгелдеу.
Б) құрал жабдықтарын тексеру. (2 минут)
2. Сайыс сабақ
Топқа бөлу
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
3 топқа ақ қағаз тартылады.
І. Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? деген сұраққа әр топ жауаптарын жазады. (5 минут)
(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).
ІІ. Түрлі – түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру. (5 мин)
Әр топ өздері жасаған ою - өрнектерін ақ қағазға жапсырады.
ІІІ. Қиған оюларын матаға орналастырып тігу. (15 минут)
Әр топ өздері «қошқармүйіз» оюын матаға орналастырып тігеді. (көктеу)
IV. Сұрақ – жауап. (10 минут) Әр топ сұраққа жауап береді.
І топ:
Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады? (қошқармүйіз)
Симметрия дегеніміз не? (бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін симметрия дейді).
Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады? (алдыңғы өңір жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б)
ІІ топ.
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды? (бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу, т.б күрделеніп орындалады)
Ою - өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді? (қоржын, түскиіз, текемет, жүкаяқ, кебеже т.б)
Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды? (көктеу тігісі).
ІІІ топ:
Ою - өрнек дегеніміз не? (қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді)
Қандай өрнектер қазақ ою - өрнек өнерінің негізі болып табылады? (мүйіз бейнелі айшықтар)
Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?
(Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Оны алтын, күміс, маржан
тастармен әшекейлейді)
V. Қорытынды:Бұл бөлімде үйден дайындап келген оюларын
тапсырады. (5 минут)
Тапсырма: Ою - өрнектің күрделі тігу. (1 минут)
Бағалау парағы: Әр топты бағалай отырып, қай топтың жеңіске жеткенін айтамын. (2 минут)
Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау
- ramuk_b
- 24 ақпан 2012
- 19922
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлттық, ою-өрнек, технология
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ұлттық ою - өрнегі. Ою - өрнекті қиып, жапсыру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ою - өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету, қазақтың ұлттық ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру. ...Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі
Мақсаты: 1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету; 2. Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең...Қазақ ою - өрнегін ою әдістері
Әлжанов Боранбай Сағиұлы Білімі: Жоғары, К. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ 1998 ж Мамандығы: Еңбек және сызу пәні мұғалімі Жұмыс орны: №77 орта мектеп...Сәукеле тігу
Көкпекті ЖББОМ Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Хасенова А. Қ....Аққу оюын дайындау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.