Сайтқа кіру Тіркелу

Нан. Нанның тағамдық құнарлығы. Бутербродтар. (ашық, жабық)

ІІ. Сабақтың мақсаты: Бутерброд дайындау технологиясы
а) Білімділік мақсаты: Нан түрлері және оларды сақтау әдістері.
ә) Дамытушылық мақсаты: Бутерброд түрлерімен таныстыру.
б) Тәрбиелік мақсаты: Нанды қадірлеу және нанмен дайындалатын тағам түрлерін білу.
ІІІ. Сабақтың типі мен түрі: аралас сабақ.
ІҮ. Көрнекілік құралдар, әдістемелік дидактика.
1. «Технология 5» - 2010 ж.
2. «Люблю готовить» журналы, слайд.
3. «Мектептегі технология».
Ү. Сабақтың барысы мен мазмұны:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушы білімін анықтау.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Өзіндік жұмыс.
5. Сабақты бекіту бөлімі, сергіту сәті.
6. Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.
ҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Барлық көкөністер қандай өңдеулерден өтеді?
2. Көкөністерді өңдегенде қандай бірізділікті сақтаған жөн?
3. Аспаздық өнерінде көкөністерді қандай әдістермен турайды?
4. Салаттар дайындағанда көркемдігі маңызды ма?
5. Дәруменді салатқа қандай көкөністер қолданылған?
ҮІІ. Жаңа тақырып.
Дастархандағы нан - ас атасы, ауқаттылықтың белгісі, байлықтың және бейбіт өмірдің белгісі. Нанды қадірлеу, жерге тастамау қасиеті барлық саналы адамның міндеті. Ол ең басты, маңызды тағам болғандықтан құнарлылығы өте жоғары. Нан ақуыздан, көмірсутегінен, дәрмендерден және минералды заттардан тұрады. Нанды сақтаудың өзіндік ережелері бар. Мысалға, ыстық күйінде қалтаға салмау, жарық жерде, арнайы ыдыста сақтау, нан салғыш қорапқа алма, тұз салып қойса көгермейді. Ең дұрысы нанды бір күнде тауысып қоятындай етіп, мөлшермен пісіру немесе сатып алу керек. Кепкен наннан сорпа, қытырлақ нан немесе үгітіп айран, қант, май қосып торт жасауға болады. Бутербродтар салқын, жеңіл тағамдарға жатады. Олар тез дайындалады және бір жерге алып кетуге ыңғайлы. Бутербродтар жай, күрделі, ашық, жабық болып келеді. Түріне қарай олар «канапе», «хот - дог», «гамбургер», «сэндвич», «тартинка», «шаурма», «донер», т. б. деп аталады. Қолданылған қоспаға қарай бутербродтар былай бөлінеді:
- еттен жасалған;
- балықтан жасалған;
- сүттен жасалған;
- көкөністен жасалған;
- жемістен жасалған;
ІХ. Негізгі бөлім. Өзіндік жұмыс: «Канапе» бутербродын дайындау. Қажет азықтар: қара нан, шұжық, піскен жұмыртқа, қызанақ, қияр, петрушка, тәтті бұрыш, сыр. Дайындау әдісі:
1. Барлық азықтарды бір өлшемде кесіп турау.
2. Нанның үстіне үйлесіміне қарай шұжық, сыр, қызанақ қойып ағаш шпажкалармен шаншып қою.
3. Бутербродтарды петрушкамен сәндеп, ұсыну.
Практикалық жұмыс. Пісірілген шұжық салынған бутерброд дайындау. 2 - технологиялық карта бойынша жұмыс жасау.
Сергіту сәті. Танымдық ойын «Нанды қадірлейік» Жалғасын тап!
Ас атасы....... (нан)
Асты тастама, нанды.......(аттама)
Астан үлкен.......(ешкім жоқ)
Ас адамның........(арқауы)
Х. Сабақты бекіту.
1. Нанды қалай сақтауға болады?
2. Бутерброд дегеніміз қандай тағам?
3. «Канапе» қалай жасалады?
4. Бутербродтарды сақтау мерзімі қандай?
5. Қандай нан түрі бутербродқа арналған
ХІ. Қорытынды. Азықтар үйлесімді болса, бутерброд дайындау оңай әрі тиімді. Оның тағамдық құнары өте жоғары болады.
ХІІ. Үйге тапсырма. 42 беттегі практикалық жұмысты орындау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×