Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды.
1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді.
1916 жылы 7 қыркүйекте Ресей армиясының Верный қалалық әскери гарнизонының соты Бекболатты дарға асуға үкім шығарды. Бекболаттың 20 - дан астам жақын серіктестері де сотқа тартылып, олардың 12 - сі өлім жазасына кесіледі; қ. Жетісу көтерілісі, Самсы көтерілісі.
Орал қаласы
Кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Китанов Берік Қуанышевич
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.