Сайтқа кіру Тіркелу

Жүйріктер, алғырлар

Жүйріктер, алғырлар
Мақсаты: Ел тарихын білудің маңызын ұғындыру; Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін саралау арқылы өзіндік көзқарастар қалыптастыра отырып ой - өрістерін дамыту; Оқушыларды елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сұрақтар жазылған парақтар, портреттер, слайдтар
Түрі: сайыс

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
2 топты орналастыру, әділ қазылар тағайындау, сайыс шартымен таныстыру.
1. Топтардың таныстыруы (аты, ұраны)
2. Өткенді білгің келсе, тарихты оқы
3. Ұлт рухын ту етіп көтергендер
А. Қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы
Ә. С. Датұлы бастаған қазақтардың ұлт – азаттық көтерілісі
Көтерілістің шығу себебі;
Барысы, қозғаушы күші;
Нәтижесі.
4. Ойланайық, ой қозғайық
А. тест тапсырмалары
Ә. сәйкестендіру

1 - топ
1. Аңырақай шайқасы қашан, қай жерде болды (1730ж Балқаш көлінің оңтүстік - батыс жағындағы Итішпес Алакөл жерінде)
2. 1680 - 1718жж қазақ ханы (Жәңгірдің ұлы Тәуке)
3. Абылайды Жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқан (Г. Миллер)
4. 18 - ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)
5. Игельстром деген кім? (Кіші жүздегі хан билігін жоюға күш салған реформатор)
6. 18 - ғасырда Суырып салма ақындар (Көтеш, Шал)
7. Е. Пугачев қашан, қайда қаза болды? (1975ж Мәскеуде Болотная алаңында дарға асты)
8. Абылай ханға арналған ескерткіштер қай қалаларда тұрғызылған? (Астана, Алматы, Қарағандыда)
9. «Ақ мешін»жұты қашан болды? (1723ж)
10. Қабанбайдың жарының есімі (Гауһар)

2 - топ
1. Бұланты шайқасы қашан, қай жерде болды? (1728ж Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде)
2. Орбұлақ шайқасы қашан болды? (1643ж)
3. Абылай ханның өмір сүрген жылдары (1711 - 1781ж)
4. Сырымды Оралдық казактардың тұтқынынан кім босатты? (Нұралы хан)
5. Е. Пугачев деген кім? (Дон казагы, 1773 - 1775ж шаруалар көтерілісінің басшысы)
6. Абылайдың кеңесшісі (Бұқар жырау)
7. С. Датұлы қашан, қайда қайтыс болды? (1802ж Хиуада)
8. Е. Пугачев музейі қайда орналасқан? (Оралда)
9. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»қашан болды? (1723 - 1727ж)
10. Абылай сұлтанның қызының есімі (Айтолқын)

Тест
1. Тәуке хан тұсындағы астана
A. Сығанақ
B. Түркістан
C. Отырар

2. Қабанбайдың азан шақырып қойған аты
A. Ерасыл
B. Нарбала
C. Қабылан

3. 18ғ 1 - ж Ресей үшін Қазақстан Азияға кіретін «қақпа мен кілт» деп айтқан
A. ІV Иван
B. І Петр
C. А. Иоанновна

4. 1218ж Шыңғысханға ұрыссыз берілген қала
A. Сайрам
B. Баласағұн
C. Ашнас

5. Орта ғасырдағы көпестер қаласы
A. Тараз
B. Отырар
C. Түркістан

6. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған
A. Ақ Орда
B. Моғолстан
C. Алтын Орда

7. Тас ғасырының орта кезінде басталды
A. Қолға мал үйрету
B. Егіншілік
C. Қолөнер

8. Оғыздардың астанасы
A. Күнгіт
B. Суяб
C. Янгикент

9. Қ. Жалайри «Жылнамалар жинағы»еңбегін сыйға тартты
A. А. Иоанновнаға
B. І Петрге
C. Б. Годуновқа

10. «Тарих» еңбегінің авторы
A. Шах - Махмұд Шорас
B. Қ. Жалайри
C. Әбілғазы Бахадүр

Сәйкестендіру (кесте)

Қорытындылау үшін сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.
Марапаттау кезеңі
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
1. Қазына - Түрлі бағалы заттар, дүние - мүлік, материалдық байлық
2. Отар - Мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылған ел.
3. Сепаратизм - өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу.
4. Қонтайшы - Жоңғар хандығы билеушісінің лауазымы
5. Жайық - Орал өзенінің аты
6. Казактар - Ресейдің шет аймақтарында қызмет атқарған әскери топ
7. Жасақ - мемлекеттің пайдасына алынатын салық
8. Старшын - ру басшысы
9. Расправа - Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган
10. Боғдыхан - Қытай императорының монғол тіліндегі атауы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

1783 - 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары, қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халық батыры - Сырым Датұлының өмірі, көтеріліс...
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы Абылай ханның...
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс

Қызылорда қаласы №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Батракова Лаура Майдановна....
Тәуелсіздіктің тура жолы-білімде

Тәуелсіздіктің тура жолы-білімде

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×