Қазақстан тарихы 8 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
Дамытушылық: Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету;
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне, эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті, компьютермен жұмыс
Сабақтың көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: әскери бекініс, округтік приказ, қала мәртебесі, Ақмола әскери бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың кәсібі, тарихи - архитектуралық ескерткіштері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қазақстандағы хан билігі қандай жағдайда жойылды?
2. 1822 ж. шыққан «Сібір қазақтары туралы жарғының» басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою, және аумақтық басқарылуын өзгерту болды. Осыны растайтын деректер келтіріңдер.
3. Картадан округтік приказдар мен Кіші жүздің үш бөлігін көрсетіңдер. Орта және Кіші жүз қазақтары қай генерал - губернаторларға бағынды?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.
2. Ақмола - аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.
«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез - келген қосымша әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру (пәнаралық байланыстар: география, әдебиет, ғылыми зерттеулер).
Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:
«Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау
• Жалпы мәліметтері
• Рельефі
• Климаты
• Су ресурстары
• Жер бедері
• Халқы
«Ақмола округтік приказы - аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.
• Жаңа басқару тәртібі
• Экономикасы
• Архитектурасы мен қала құрылысы
• Халқы
• Білім беру
«Қаланың қалыптасу тарихы»
Ақмола бекінісі - Ақмола округтік приказы - Ақмола - Цениноград - Ақмола - Астана.
• Жылдар
• Қаланың мәртебесі
• Архитектуралық ескерткіштер
«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)
Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар.
Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
- aiboll
- 19 қаңтар 2016
- 5687
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақмола бекінісінің салынуы, тарихтан сабақ жоспары, Қазақстанның жаңа астанасының тарихы
Ұқсас жаңалықтар:
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету....Елордасы - Астана
Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;...Арқа төсіндегі ару қала - Астана
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баешова Жұлдыз...Астана - арман қала
Сабақтың мақсаты: - Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. - Астана туралы деректермен...Қазақстан аумағындағы қала
Астана қаласы, №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.